ТСОБТ функционалын кеңейту

09 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі» (ТСОБТ) жобасының шеңберінде тексерулер жүргізу кезіндегі мемлекеттік органдардың қызметінің процесін автоматтандыру мақсатында тексерушілерге арналған «Tekserý» ұялы қосымша әзірленді.

«Tekserý» арқылы тексеруші планшетте шынайы уақыт режимінде тексеру қорытындыларын рәсімдеп кәсіпкерді тексеру қорытындысы туралы актілерімен таныстырады.

Енгізілгелі жатқан жаңашылдық мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың айқындылығын қамтамасыз етеді. Бюрократикалық созбалаңдық жойылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы қосымшаны қолдану бойынша пилот Астана, Алматы қалалары, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының  Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменттерінде іске қосылды.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті