ТСОБТ жобасы бойынша жұмыс кездесуі

23 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ТСОБТ жобасы  бойынша жұмыс кездесуі - 1259439428

Өткен аптада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төраға орынбасарымен Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі, қоғамдық денсаулық қорғау, табиғи монополияларды реттеу және ветеринария органдарының қызметкерлерімен Тексерулердің  субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі ТСОБТ) жобасын енгізудің мәселесі бойынша көшпелі жұмыс кездесуі өткзілген.

Кездесуде ТСОБТ мақсаты түсіндірілген,  мемлекеттік бақылау мен қадағалау ашықтығын қамтамасыз етуге,  бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау және олардың тұтастай алғанда қысқартуына бағытталған,.

ТСОБТ жобасының ең басты артықшылығы кәсіпкерлерге онлайн режимінде тексеру басталғанға дейін оларға қойылатын талаптарымен танысу  және келіспеген жағдайда шағым жасауға құқылы мүмкіндігін ұсынуы болып табылады.

Сонымен қатар, енді бақылау органдарына тексеруді тіркеу үшін прокуратураға бару керек емес, акт тіркелгенің білдіретін QR-коды (21 таңбалы) бейнелеген жүйеден қалыптастырылған тексеру  тағайындау туралы актісін тек басып шығару жеткілікті ғана.

Бұл кодты кәсіпкер сканерлеп, тексерудің  заңдылығын тексеруге мүмкіндік беріледі.

Кездесудің нәтижелері бойынша сындарлы диалог өтті, онда барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Айтылған кездесу шеңберінде мемлекеттік органдардың ұсыныстары әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

ТСОБТ жобасы  бойынша жұмыс кездесуі - 1841654200

Comments

Add new comment