Елордалық учаскелік инспекторлар планшетке электрондық хаттаманы толтыруда

31 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Бірыңғай әкімшілік атқарушылық істердің тізімі» жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі испекторлары, көші-қон қызметінің қызметкерлері және аудандық полиция испекторларымен әкімшілік істер электронды түрде жүргізіледі.

Бір айда олар 23 млн. теңге сомасына 6 мыңнан  астам  әкімшілік хаттама толтырды.

Өткен жылы елордалық жол патрульдік полиция қызметкерлері 100 мыңнан астам хаттаманы электрондық түрде шығарды. Қызметті планшеттермен жабдықтау деңгейі 83% құрайды.

Азаматтардың айыппұлдарды төлеудің жеңілдетілген тәртібіне ыңғайлы болуына назар аудару қажет. Оларды, хаттаманы толтырған жерде, банктер мен төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.
Жүйе, 13 ірі екінші деңгейлі банктермен біріктірілген, бұл ретте азаматтарға төлем туралы түбіртекті мемлекеттік органға ұсыну міндеттемесінен босатады.

Қазіргі уақытта Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасымен барлық қалалық полиция қызметтерін планшеттермен толығымен жабдықтау үшін жұмыс жасалануда.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz

 

Comments

Add new comment