ҚР Үкіметінде Бас прокуратура жобаларының жүзеге асуы туралы баяндалды

23 January 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ҚР Үкіметінде Бас прокуратура жобаларының жүзеге асуы туралы баяндалды - 126127195

23 қаңтар 2018 жыл, Астана қаласы. Қазақстан Республикасының Үкіметінде құқық қорғау қызметін цифрландыру, атқарушылық өндіріс және сот сараптамасының деректері мәселесі бойынша отырыс өткізілді.

Бас прокуратураның қызметкерлері «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан 5 жобаның іске асу барысы туралы баяндады.

Жобалар сенімді құқықтық ортаны және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз қорғауды, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады.

Қылмыстық процесті цифрландыру онлайн режимінде тиімді қадағалау жүргізуге және істерді ведомстволық қадағалауға мүмкіндік береді. Процеске қатысушыларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Әкімшілік процесті электрондық форматта жүргізу органның заңға қайшы шешім қабылдауына жол бермейді, процессуалдық қателіктердің, шағымдардың санын қысқартады және заңдағы коллизияларды, қолдану практикасының ерекшеліктерін бақылап отыруға  мүмкіндік береді.

Бизнесті тексеруді бақылау жүйесі, тексеріс кестелерін құрудың электрондық форматына көшу бақылаушы мемлекеттік органдардың тарапынан заңға қайшы әрекеттерге жол бермей, бизнесті қорғау шараларын күшейте түседі.

Құрылып жатқан «Е-өтініштер» жүйесі мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарауына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, олардың қызметіне сапалы түрде баға беруге мүмкіндік береді.   

Құрылып жатқан Талдау орталығы елдегі қылмыстылық жағдайына жаһандық баға беру және оны алдын алудың құрылғысы болып табылады. Өңірдегі жағдайды жақсарту бойынша басымдылықтарды дұрыс қоя білу үшін, бұл жүйені тек прокурорлар ғана емес, сондай-ақ жергілікті атқарушылық органдар да пайдалана алады.

Жобалар 2-3 жылға арналған, ұзақ мерзімді.

Отырыстың қорытындылары бойынша Бас прокуратураға құқық қорғау жүйесін цифрландыру бойынша іс-шараларды сапалы және уақытылы әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін кеңінен танытуға қатысты шаралар қабылдау тапсырылды. 

Комитеттің Баспасөз қызметі

316758

press@kgp.kz

Comments

Add new comment