Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары цифровизация мәселелері жөнінде көшпелі кеңес өткізді

28 September 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары   цифровизация мәселелері жөнінде  көшпелі кеңес өткізді - 1722078117

2018 жылғы 28 қыркүйек, Астана қаласы. Бүгін, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінде Премьер-Министр орынбасары Асқар Жұмағалиевтің жетекшілігімен министр кабинетінің көшпелі кеңесі өтті. Кеңесте "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шегіндегі Бас прокуратураның жобаларын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Елбасы қойған міндеттерге сәйкес, елімізде қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің электронды форматқа кезеңімен көшірілуі, мемлекеттік органдарды тексеру үрдістерін тіркеу және азаматтардың өтініштерін қарау жұмыстарының жетілгені атап өтілді.

Жобаларды жүзеге асырудың басты мақсаты  - азаматтардың құқықтарын қорғау, әділ сотқа жылдам қол жеткізуді және үрдістердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Деректерді саралау бойынша жасанды зияткерлікті енгізу сұрағы дербес талқыланды.

Бас прокуратураның Аналитикалық орталығын қалыптастыру шеңберінде құрылған зияткерлік жүйелер құқыққорғау және жергілікті мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін жәй бақылап қана қоймай, сонымен қатар, дайын тиімді шешімдер ұсынып еліміздегі заңнамалық актілердегі "осал" жерлерді көруге мүміндік беретіні атап өтілді.

Комитет Төрағасы ІТ-жобалардың басымдылықтары туралы әңгіме қозғады, сондай-ақ, оларды енгізу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтарға да тоқталып өтті.

Баяндамада оларды толық енізу үшін қаржыландыру мәселесін, қылмыстық қудалау органдарын техникалық жарақтандыру, сонымен қатар, мемлекеттік органдар және әкімдіктер жүйелеріне қол жеткізумен байланысты бірқатар сұрақтарды шешу қажеттігі туралы да айтылып өтті.

 Отырыс қатысушыларын тыңдай келе Премьер-Министр орынбасары Асқар Жұмағалиев нақты ұсынымдар берді. Құқыққорғау және мемлекеттік органдарға жобаларды кезеңімен енгізу мерзімдерін мүлтіксіз сақтауды, әкімдіктер мен басқа ұйымдарға өз құзіреттері шегінде қолдау көрсетіп өзекті мәселелерді шешуді тапсырды.

 

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі Комитетінің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары   цифровизация мәселелері жөнінде  көшпелі кеңес өткізді - 1411538110
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары   цифровизация мәселелері жөнінде  көшпелі кеңес өткізді - 1140289440
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары   цифровизация мәселелері жөнінде  көшпелі кеңес өткізді - 667650301

Comments

Add new comment