Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 46648
    Дата: 11.10.2018 12:03:47
    Аты-жөні: Мусаралинов Еркебулан
    Сұрақ:
    Мен, Мусаралинов Еркебұлан Исайұлы (ИИН 820330350428, ҚР ІІМ 19.10.2015-18.10.2025, №039975908), Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «Backup Service Resorts”ЖШС-ына (БИН 130940014543) қарасты «Шахтер» демалыс үйінде (әрі қарай - жұмыс беруші) 2009 жылдан бастап жұмыс істеймін. 2013 жылдан бастап сонда жүргізуші қызметіне ауыстым. 2018 жылдың 22 шілдесінде «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай мекеме) 2016 жылдан бергі уақытта Қарағанды облысы бойынша іссапарларға жіберілген күндер үшін өтемақы төленбейтіндігі жөнінде өтініш жолдаған болатынмын. Атаулы өтініштің нәтижесінде «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлім басшысы М.Шаяхметовтың қолы қойылған, №7-6/фл-м-1593 нөмірімен: «Мемлекеттік еңбек инспекторы «Backup Service Resorts”ЖШС-де (әрі қарай – жұмыс беруші) тексеріс тағайындау туралы актіге сәйкес (№10 02.07.2018 ж.) тексеру жұмыстарын жүргізіп, тексеру барысында жұмыс берушіге ұсынған құжаттарға сәйкес, сізге 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың мамыр айы аралығындағы үстеме жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға төлемдер жасалмаған, бұл ҚР Еңбек Кодексінің 108, 109 бабтарының талаптарын бұзу болып табылады. Сондай-ақ, жоспардан тыс тексеру жұмыстары барысында жұмыс беруші ұсынған құжаттарға сәйкес, сізге іссапарларға жіберілетін күндер үшін өтемақы төленбеген, бұл өз кезегінде бұл ҚР Еңбек Кодексінің 127 бабының талаптарын бұзу болып табылады» деген жауап хат алдым. Алайда, мекеме тарапынан жұмыс берушіге қатысты анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптары бар нұсқама орындалмай, менің іссапарлар үшін төленетін өтемақым төленбей, жұмыс беруші мекемеге қарсы сотқа жүгінді. Істі қараған Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №2 соты, төраға Т.Жабықпай төмендегідей ұйғарым жасады: «Заявитель ТОО «Backup Service Resorts» обратилось в суд с указанным заявлением. С учетом уточнения в обоснование своего заявления указывает, что сотрудник ТОО Мусаралинов Е.И. состоит в должности водителя с 2013 года на оснавании трудового договора. В ходе выполнения своей работы указанное лицо причинило ущерб, выраженный в порче двигателя вверененого ему служебного автомобиля, за что был объявлен выговор с лишением премии на месяц». Алайда, біздің қолымызда «Вираж – сервис Казахстан» ЖШС-ының Қарағанды облысы бойынша филиалының 2018 жылдың мамыр айының 11-де берілген «Транспорттық құралдың ақаулық актісі» бар, онда «Двигатель: прогорание поршня первого цилиндра, при разборке двигателя инородных предметов не обнаружено» делінген. Ал, сот кезінде жұмыс беруші тура осындай акт ұсынып, онда «Двигатель: при снятии ГБЦ был обнаружен посторонний предмет в виде шайбы, в первом циллиндре, чем вызвано деформирование и прогорание поршня» деп көрсетілген. Шындығына келгенде алдын-ала алынған құжатқа қарама-қарсы келетін құжатты дайындап, жұмыс беруші заңсыздыққа тағы бір мәрте жол беріп отыр. 2018 жылдың 16 тамызы күні Қазыбек би аудандық №2 соты: «Решил: Звявление ТОО «Backup Service Resorts» на действия государственного инспектора по труду Исмаилова Т.Е. по вынесению предписанияоб устранении нарушений трудового законодательства – удовлетворить. Действия государственного инспектора по труду Исмаилова Т.Е. по вынесению предписания признать незаконными. Предписание об устранении нарушений трудового законодательства №54 от 19.07.2018г. - отменить» деп қорытынды шығарды. Атаулы шешіммен келіспеген біздің тарап, қыркүйек айында Қазыбек би аудандық №2 сотының 2018 жылдың 16 тамызында Іс №3512-18-00-2/10863 қатысты шешімді жою және «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 19. 07. 2018 жылғы №54 ұсынымын дұрыс деп тану жөнінде Қарағанды облыстық сотына аппеляцияға берген болатын. Алайда, аппеляциялық сот Қазыбек би аудандық №2 сотының үкімін күшінде қалдырды. Іссапарлар барысында маған «Шахтер» демалыс үйінің кірістен түскен қаржысын Қарағанды қаласындағы кеңсеге апарып отыру жүктелді. Ақша тасымалдау кезінде өміріме қауіп төнетіндігіне қарамастан, мен басшылықтың тапсырмасын бұлжытпай орындадым. Тасымалдаған ақша көлемі кассалық ордер кірісі жөніндегі түбіртектермен сіздерге қоса жолданып отыр. Қазіргі уақытта жұмыс беруші менің өз құқығымды қорғап, «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүгінгенім үшін жұмыс істеген 2017 және 2018 жылдар үшін кезекті еңбек демалысымды беруден бас тартып, осыған дейін жүргізіп келген УАЗ автокөлігін алып қойып отыр. Себебін сұрағанымда, маған ашық түрде сотқа жүгінгенің үшін деп жауап береді. Бір өкініштісі, сот процессі кезінде жұмыс беруші менің өзіме қарсы қылмыстық іс қозғайтындығын айтып қорқытып бақты. Сот төрағалары тарапынан атаулы қоқан-лоққыға ешқандай тыйым жасалмады. Сіздерден, атаулы істің ақ-қарасын ажыратып, іссапарлар кезінде төленуі тиіс өтемақым мен кезекті еңбек демалысымды алып берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    16 қазан, 2018 - 17:19
    Жауап:
    Қарағанды облысының прокуратурасы Е.И. Мусаралиновқа «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының блогына түскен еңбек заңнамасын орындау мәселесі бойынша Е.И. Мусаралиновтің өтінішін қарау үшін жолдаймын. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша өтініш иесіне заңда белгіленген мерзім ішінде жауап беру қажет. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін. Жетегінде: Е.И. Мусаралиновтің өтініші. Төраға орынбасары А. Саттар
  • Сұрақ №: 46599
    Дата: 10.10.2018 18:16:44
    Аты-жөні: Есенбек Еркін
    Сұрақ:
    Құрметті Қайрат Төлегенұлы! Мен азамат Есенбек Еркін Кенжебекұлы. Сізге өтініш бермек себебім, Мен Алматы қаласында студент болып жүрген уақытта маған 10.03.2012 жылы Алматы қ, Әуезов аудандық ІІБ-де құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Жаза түрі ст 178 "Грабеж" УК РК. Бірақ бұл қылмыстық іс сотқа жеткізілмей жәбірленуші жақппен келісе отырып қысқартылған болатын. Келтірілген шығын 10 мың теңге. Бұл құқық бұзушылық Құқықтық статистиканың арнайы есепке алу базасында тіркелген. Оқуымды аяқтап 2016 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметші болып жұмысқа орналастым. Конкурстық іріктеуден өтіп, жұмысқа орналасар уақытта бұл іс алдымнан шықты. Құжаттарым ҰҚК-не арнайы тексеруге жіберіліп, өз заңдалықтарын ескере отырып, оң қорытындысын алдым. Қазіргі уақытта жұмыс атқарудамын. Бірақ бұл қылмыстық іс басқа лауазымға ауысуыма кедергі келтірема деп қорқамын. Екі дипломым бар біреуі заңгерлік, Заң саласында жұмыс атқаруды мақсат етемін. Бір үйдің жалғыз баласымын. Кезінде жас болып, жаза бастым. Қылмыстық іс тіркелгеннен бері 6 жыл ішінде атыма ешқандай әкімшілік жауапкершілік, құқық бұзушылық тіркелген емес. Сол себепті осы істі ақпараттық есептен өшіріп тастауға ықпал жасауыңызды сұранамын. Өтінемін сізден.
    Жауап күні:
    15 қазан, 2018 - 18:34
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Сіздің Комитеттің есебінен алу туралы арызыңызды қарады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидасының» талаптарына сәйкес - «соттың шешімімен ақталған, сонымен қатар ақталушы негізде болмаса маңызының шамалылығы бойынша қылмыстық іс қысқартылған тұлғаларға қатысты мәліметтер ғана Комитеттің тегі бойынша есебінен алынады». Комитеттің деректер базасына түзетулер енгізу үшін, қылмыстық ізге түсу органдарымен, прокуратурамен болмаса сотпен қабылданған тиісті процестік шешім болу қажет. Осыған байланысты, қабылданған шешім туралы мәліметті өзгерту сұрағы бойынша, Сізге тиісті қылмыстық ізге түсу органдарына, прокуратураға болмаса сотқа жазбаша түрде жүгіну керек. Сіздің талабыңыз оңтайлы қарастырылған жағдайда, Комитеттің деректер базасына тиісті түзетулер енгізу үшін, Сіз тұратын жеріңіз бойынша Комитеттің аумақтық басқармасына жүгінуіңізге болады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес, Сіз жоғарғы сатыдағы лауазымды тұлғаға болмаса сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
  • Сұрақ №: 46580
    Дата: 10.10.2018 11:07:26
    Аты-жөні: Ибадуллаев Сабит
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба? Е-гов-та менің бұрын сатып жіберген көлігімнің айыппұлы бір жылдан кейін шығып тұр. (Хаттама №0517050057358 Материал № 171900033005735). Маған бұл жайында ескерту нұсқама келген жоқ. Көлік сатқан кезде базадан шыққан жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 890-бабының 1-тармағына сәйкес осы айыппұлдың күшін жоюға көмек беруіңізді сұраймын. ИИН 730711302678
    Жауап күні:
    15 қазан, 2018 - 09:17
    Жауап:
    С.З. Ибадуллаевқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет) Сіздің әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде мәліметті мерзімнің өтуіне байланысты жазадан босату туралы өтінішіңізді қарады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (әрі қарай – Кодекс) 889-бабы, 1-тармақ, 4-тармақшасында, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады деп көрсетілген. Сондықтан, аталған сұрақты шешу үшін, Сіз әкiмшiлiк жаза қолданған органға яғни, Алматы облысы бойынша Ішкі істер департаментіне жүгінуіңіз қажет. Органмен әкiмшiлiк жазадан босату туралы қаулы шығарылғаннан соң ғана Комитеттің есебінен алынатындығын хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары А.Саттар орын. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68
  • Сұрақ №: 46316
    Дата: 29.09.2018 12:21:55
    Аты-жөні: Аскаров Нурлан
    Сұрақ:
    Мені 2018жылы 1наурыз күні 35748 әскери бөлімінен кетуімді айтты.себебі менің жалакым дұрыс төленбеген жөнінде айткан болатынмын мені əсери бөлім қатарынан 2018ж.30наурызда бірак шығарды.себебі 1ай мені жұмыска кіргізбеді.ол жөнінде мен əскери полиция қызметкерлеріне барғанда маған арыз жаздырмады мен əскери бөлімде ешқандай құжат толтырмадым.мені жұмыстан 26.1.13бабы бойынша жұмыстан шығарған.
    Жауап күні:
    11 қазан, 2018 - 17:23
    Жауап:
    Н.А. Аскаровқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің жұмыстан босату туралы өтінішіңізді қарады. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған фактінің заңдылығын анықтау Комитеттің құзіретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Сондықтан, Сіз жоғарғы органға немесе сотқа жүгіне аласыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді мәлімдейміз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары Б. Бекбауов  Ж.С. Нұрсейітова  31-79-77
  • Сұрақ №: 46314
    Дата: 29.09.2018 12:16:14
    Аты-жөні: Султанов Ербол
    Сұрақ:
    Менің кояр сұрағым.мені 2018жылы 1наурыз күні батальон командирінің орынбасары 35748 әскери бөлімінен кетуімді айтты.себебі менің жалакым дұрыс төленбеген жөнінде айткан болатынмын мені əсери бөлім қатарынан 2018ж.30наурызда бірак шығарды.себебі 1ай уакыт мені жұмыска кіргізбеді.ол жөнінде мен əскери полиция қызметкерлеріне барғанда маған арыз жаздырмады.əскери полиция маған саған керегі акша болса толепбереді əскери болім командиріне айтамын уайымдама деп шығарып салды.сен ешқандай арыз жазба деді. маған əскери бөлім юриске үйіме келіп маған өз еркімен арыз жазсан саған жаксы мінездеме береміз жазбасан мінездемен нашар болады деді мен өз еркімен жаздым алайда олар мені жұмыстан " əскери кызметшілердің жұмыстан шығу туралы"заңының 26.1.13бабы бойынша жұмыстан шығарған.ал маған берген мінездемесінде ол баскаша жазылған.енді жұмыстан шыккан туралы приказдың көшірмесін сұрасам бермей отыр.олар жаксы мінездеме беріп отрицательный активпен жұмыстан шығара береме.осы жөнінде сотка шағымдансам болама.Рахмет
    Жауап күні:
    5 қазан, 2018 - 09:36
    Жауап:
    Е.Л. Султановқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің өтінішіңізді қарады. Сіз 2018 жылдың 28 наурызында, 35748 әскери бөлімнің №74 бұйрығына сәйкес, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы негізінде, әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін, әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылып, Комитеттің дерекқор базасына есепке алынғансыз. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған фактінің заңдылығын анықтау Комитеттің құзіретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары А. Саттар орын. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68

Беттер