Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 46580
    Дата: 10.10.2018 11:07:26
    Аты-жөні: Ибадуллаев Сабит
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба? Е-гов-та менің бұрын сатып жіберген көлігімнің айыппұлы бір жылдан кейін шығып тұр. (Хаттама №0517050057358 Материал № 171900033005735). Маған бұл жайында ескерту нұсқама келген жоқ. Көлік сатқан кезде базадан шыққан жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 890-бабының 1-тармағына сәйкес осы айыппұлдың күшін жоюға көмек беруіңізді сұраймын. ИИН 730711302678
    Жауап күні:
    15 қазан, 2018 - 09:17
    Жауап:
    С.З. Ибадуллаевқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет) Сіздің әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде мәліметті мерзімнің өтуіне байланысты жазадан босату туралы өтінішіңізді қарады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (әрі қарай – Кодекс) 889-бабы, 1-тармақ, 4-тармақшасында, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады деп көрсетілген. Сондықтан, аталған сұрақты шешу үшін, Сіз әкiмшiлiк жаза қолданған органға яғни, Алматы облысы бойынша Ішкі істер департаментіне жүгінуіңіз қажет. Органмен әкiмшiлiк жазадан босату туралы қаулы шығарылғаннан соң ғана Комитеттің есебінен алынатындығын хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары А.Саттар орын. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68
  • Сұрақ №: 46316
    Дата: 29.09.2018 12:21:55
    Аты-жөні: Аскаров Нурлан
    Сұрақ:
    Мені 2018жылы 1наурыз күні 35748 әскери бөлімінен кетуімді айтты.себебі менің жалакым дұрыс төленбеген жөнінде айткан болатынмын мені əсери бөлім қатарынан 2018ж.30наурызда бірак шығарды.себебі 1ай мені жұмыска кіргізбеді.ол жөнінде мен əскери полиция қызметкерлеріне барғанда маған арыз жаздырмады мен əскери бөлімде ешқандай құжат толтырмадым.мені жұмыстан 26.1.13бабы бойынша жұмыстан шығарған.
    Жауап күні:
    11 қазан, 2018 - 17:23
    Жауап:
    Н.А. Аскаровқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің жұмыстан босату туралы өтінішіңізді қарады. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған фактінің заңдылығын анықтау Комитеттің құзіретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Сондықтан, Сіз жоғарғы органға немесе сотқа жүгіне аласыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді мәлімдейміз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары Б. Бекбауов  Ж.С. Нұрсейітова  31-79-77
  • Сұрақ №: 46314
    Дата: 29.09.2018 12:16:14
    Аты-жөні: Султанов Ербол
    Сұрақ:
    Менің кояр сұрағым.мені 2018жылы 1наурыз күні батальон командирінің орынбасары 35748 әскери бөлімінен кетуімді айтты.себебі менің жалакым дұрыс төленбеген жөнінде айткан болатынмын мені əсери бөлім қатарынан 2018ж.30наурызда бірак шығарды.себебі 1ай уакыт мені жұмыска кіргізбеді.ол жөнінде мен əскери полиция қызметкерлеріне барғанда маған арыз жаздырмады.əскери полиция маған саған керегі акша болса толепбереді əскери болім командиріне айтамын уайымдама деп шығарып салды.сен ешқандай арыз жазба деді. маған əскери бөлім юриске үйіме келіп маған өз еркімен арыз жазсан саған жаксы мінездеме береміз жазбасан мінездемен нашар болады деді мен өз еркімен жаздым алайда олар мені жұмыстан " əскери кызметшілердің жұмыстан шығу туралы"заңының 26.1.13бабы бойынша жұмыстан шығарған.ал маған берген мінездемесінде ол баскаша жазылған.енді жұмыстан шыккан туралы приказдың көшірмесін сұрасам бермей отыр.олар жаксы мінездеме беріп отрицательный активпен жұмыстан шығара береме.осы жөнінде сотка шағымдансам болама.Рахмет
    Жауап күні:
    5 қазан, 2018 - 09:36
    Жауап:
    Е.Л. Султановқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Сіздің өтінішіңізді қарады. Сіз 2018 жылдың 28 наурызында, 35748 әскери бөлімнің №74 бұйрығына сәйкес, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы негізінде, әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін, әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылып, Комитеттің дерекқор базасына есепке алынғансыз. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған фактінің заңдылығын анықтау Комитеттің құзіретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары А. Саттар орын. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68
  • Сұрақ №: 46312
    Дата: 28.09.2018 10:55:57
    Аты-жөні: Дюсенова Мейрамгуль
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба!Мен азаматша Дюсенова М.А 25.09.2018ж Атырау облысынын IIД Атырау калалык IIБ органына онлайн отiнiш жаздым.Ол отiнiшiмде мен жеке инстаграм паракшамда белгiсiз азамат brend_aktau4272 атымен тiркелген менiн ар-намысыма тиiсiп,жеке омириме кол сугып,колайсыз создер жазганын,сол белгiсiз азаматты тауып аныктап,зансыз арекеттерi ушiн жауапкершiлiкке тартуды сураганмын.Алайда 26.09.2018ж маган учаскелiк полиция кызметкерi телефон шалып ол азаматты iздестiрмейтiнiн ,отiнiшiмдi архивке жiберетiнiн айтты.Мен ол шешiммен келiспеймын.Сондыктан да сiзден сол азаматты тауып ,занды турде жаупкершiлiкке тартуга комектесуiнiздi сураймын.Алдын ала алгыс айтамын.
    Жауап күні:
    4 қазан, 2018 - 11:36
    Жауап:
    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқарма бастығы Н.С. Ахметбаевқа --------------------------------------------- 060011, Атырау облысы, Атырау қаласы, Құлманов көшесі 48 Мейрамгуль Аятовна Дюсеноваға ---------------------------------------------- Атырау қ. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-б. 6-т. сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына келіп түскен М.А. Дүйсенованың өтініші жолданады. Заңнамада белгіленген мерзімде қабылданған шешім туралы өтініштің авторына хабарлауыңызды сұраймын Екінші мекен-жайға мәлімет үшін хабарланады. Қосымша: М.А. Дүйсенованың өтініші. Төрағаның орынбасары Р. Әлкенев Орын. М.Қ. Ақбаев тел:(8717-2) 31-75-11
  • Сұрақ №: 46210
    Дата: 20.09.2018 14:38:25
    Аты-жөні: Султанов Ербол
    Сұрақ:
    Менің кояр сұраныс.мені 2018жылы 1наурыз күні 35748 әскери бөлімінен кетуімді айтты.себебі менің жалакым дұрыс төленбеген жөнінде айткан болатынмын мені əсери бөлім қатарынан 2018ж.30наурызда бірак шығарды.себебі 1ай уакыт мені жұмыска кіргізбеді.ол жөнінде мен əскери полиция қызметкерлеріне барғанда маған арыз жаздырмады мен əскери бөлімде ешқандай құжат толтырмадым.мені жұмыстан 26.1.13бабы бойынша жұмыстан шығарған.ал маған берген мінездемесінде ол баскаға жазылған.
    Жауап күні:
    27 қыркүйек, 2018 - 11:11
    Жауап:
    Блок №90983 Е.Л.Султановқа Құрметті Ербол Лесханұлы! Сіздің 21.09.2018 ж. еңбек дауына байланысты жазған уәждеріңіз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен қаралды. Сіздің еңбек дауына қатысты жазған уәждеріңіз №35748 әскери бөлімнің тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, қорытынды беру үшін Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөнінде басқармасына (мекен-жайы Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тас жолы №2 ғимарат) немесе сотқа шағымдануға жатады. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес берілген жауаппен келіспеген жағдайда оны жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Басқарма бастығы м.а. Ж.О. Бұламбекова

Беттер