Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 43923
    Дата: 21.06.2018 16:51:28
    Аты-жөні: Моисеенко Дина
    Сұрақ:
    Комитеттен
    Жауап күні:
    21 маусым, 2018 - 17:22
    Жауап:
    Добрый день! Необходимо изложить суть вопроса
  • Сұрақ №: 43266
    Дата: 29.05.2018 22:13:59
    Аты-жөні: Мағазбеков Тілек
    Сұрақ:
    Мен Мағазбеков Тілек Кайратулы 1998ж Алматы облысы Каратал ауданы Уштобе каласында турамын,2013ж Алматы каласындағы АТЭКПС коллежіне түстым,Алматы каласында пәтерде турып жаттым сол пәтерде жиі жиі вечеринка болатын,05.04.2015ж сол турып жаткан пітерімнін подоконнигінен сумка тауып алдым,сумканы? ішіндегі сотканы алып сумканы лактырып жібердім,сотканын қүны 5 6 мы? тенге турады.Ертенінде ол сумка Рымканова Гульсана деген қыздыкі екенін білдім вечеринкаға келген,ол қыз заявление жазған сон мен бәрін қайтарып бердім.ол кезде жасым 16 жаста едім осы үшін қатты өкінемін,сол үшін маған ст.175 ч.1 ст.188 ч.1 қойылды. осы статья болғандықтан ешқайда жумысқа алмайды,балалық қателігімді кешіріп алуынызды сураймын.осы бір қателігім ушім өмір бойы өкінемін.
    Жауап күні:
    1 маусым, 2018 - 08:52
    Жауап:
    Т.Қ. Мағазбековқа Құрметті Тілек Қайратұлы! Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай - Комитет) Сіздің қысқартылған қылмыстық істі алып тастау туралы арызыңыз қаралды. Сот шешімімен ақталған, сонымен бірге ақталушы негізде болмаса маңыздылығы шамалы болғандықтан қысқартылған қылмыстық істерден басқа, тұлғаға қатысты ақпараттар Комитеттің базасында үнемі сақталуға жатады. Тұлғаларға қатысты тексеру шараларын жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелердің сұраулары бойынша соттылықтың жойылғанына және алынып тасталғанына қарамастан, тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы туралы барлық мәліметтер беріледі. Одан әрі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен берілген мәліметтерді тексеруге сұрау жіберген органдар немесе мекемелер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес дұрыс пайдалануға тиісті. Жұмысқа орналастыру, белгілі бір қызметке түсу және қойылатын шектеулер сұрағы бойынша түсіндірме беру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының құзырына жатпайды. Осыған байланысты түсіндірме алу үшін, Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, болмаса сәйкес органның және мекеменің кадр жұмысы бөлімшесіне жүгінуіңіз керек. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз оны жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Төрағаның орынбасары Р. Әлкенев
  • Сұрақ №: 42785
    Дата: 14.05.2018 16:15:37
    Аты-жөні: Серікқали Айдана
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе? Менде ст.615 ч.1 Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы деп 2017 жылы айыппұл салынды уақытында төледім енді базадан қанша уақытта кетеді?
    Жауап күні:
    15 мамыр, 2018 - 16:43
    Жауап:
    А.Ж. Серікқалиға Құрметті блог қолданушы! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Сіздің өтінішіңізді қарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы Комитеттің орталықтандырылған деректер базасында Атырау облысының жол полициясы басқармасымен 2017 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 615-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы Сізді қатысты мәлімет бар. Жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін 5672 теңге айыппұл салынып, 2017 жылдың 17 қазанында төленгені туралы ақпарат бар екенін мәлімдейміз. Сондай-ақ, Кодексінің 61-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi. Осыған байланысты, Сізге қатысты мәлімет Комитеттің базасынан 2018 жылдың 17 қазанында алынып, әкiмшiлiк жазадан босатылатыныңызды хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары Р. Әлкенев орын. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68
  • Сұрақ №: 42572
    Дата: 05.05.2018 00:52:13
    Аты-жөні: Аюбаев Кудияр
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба?! Маған 2007жылы кәмелеттік жасқа толмаған кезде №257 1частьпен үстімнен іс жүргізілген. Өзімді қорғау мақсатында төбелескенмін. Іс сотқа дейін барып, екі жақтық келісіммен аяқталған. 2012 жылы әскери келісім-шартпен жұмысқа орналасқанмын. 2007 жылғы оқиға бойынша 2014жылы жұмыстан қуылдым.Содан бері ешқандай жұмысқа кіре алмай жүрмін. Қазіргі таңда 2 баланың әкесімін. Жас отбасымын. Ешқайда жұмысқа алмайды. Не істесем болады? Қайтадан әскери келісімшартпен жұмыс істеуіме мүмкіндігім бар ма? Алдыңғы жазғаныма толық жауап келмеді. Өтініш, жауап бересіздер ме?
    Жауап күні:
    11 мамыр, 2018 - 08:58
    Жауап:
    К.А. Аюбаевқа Құрметті блог тұтынушысы! Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай - Комитет) Сіздің өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасының 22 желтоқсан 2003 жылғы №510 «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, жұмысқа орналастыру сұрағы Комитетің құзыретіне жатпайтынын хабарлаймыз. Осыған байланысты белгілі бір қызметке түсу және қойылатын шектеулер сұрағы бойынша түсіндірме алу үшін, Сіз уәкілетті органға болмаса сәйкес органның және мекеменің кадр жұмысы бөлімшесіне жүгінуіңіз керек. Бұдан бұрын, Сіздің осыған ұқсас өтінішіңізге Комитетпен тиісті жауап берілген (03.05.2018ж. №2-20-18-04003 шығ. хаты). Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз оны жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Төрағаның орынбасары Р. Әлкенев
  • Сұрақ №: 42476
    Дата: 01.05.2018 15:34:41
    Аты-жөні: Аюбаев Кудияр
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба?! Маған 2007жылы кәмелеттік жасқа толмаған кезде №257 1частьпен үстімнен іс жүргізілген. Өзімді қорғау мақсатында төбелескенмін. Іс сотқа дейін барып, екі жақтық келісіммен аяқталған. 2012 жылы әскери келісім-шартпен жұмысқа орналасқанмын. 2007 жылғы оқиға бойынша 2014жылы жұмыстан қуылдым.Содан бері ешқандай жұмысқа кіре алмай жүрмін. Қазіргі тағда 2 баланың әкесімін. Жас отбасымын. Ешқайда жұмысқа алмайды. Не істемем болды? Қайдан әскери келісімшартпен жұмыс істеуіме мүмкіндігім бар ма?
    Жауап күні:
    10 мамыр, 2018 - 09:31
    Жауап:
    Құрметті блог тұтынушысы! Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай - Комитет) Сіздің өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасының 22 желтоқсан 2003 жылғы №510 «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, жұмысқа орналастыру сұрағы Комитетің құзыретіне жатпайтынын хабарлаймыз. Осыған байланысты белгілі бір қызметке түсу және қойылатын шектеулер сұрағы бойынша түсіндірме алу үшін, Сіз уәкілетті органға болмаса сәйкес органның және мекеменің кадр жұмысы бөлімшесіне жүгінуіңіз керек. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз оны жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Төрағаның орынбасары Р. Әлкенев

Беттер