Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 42465
    Дата: 30.04.2018 18:05:59
    Аты-жөні: Байұзақов Қанат
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе! Сіздерден 2017 жылы Қазақстанда із-түссіз жоғалған адамдардың саны, олардың қаншалықты деңгейде табылуы жайында ақпараттық статистика берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    4 мамыр, 2018 - 18:04
    Жауап:
    Құрметті Қанат Сексенбайұлы ! ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, хабарлайды, 2017 жылы 2679 хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаға іздеу жарияланды, одан 305 тұлғаның тұратын орны анықталды. Сонымен бірге хабарлаймыз, хабар-ошарсыз жоғалған тұлғағалардың саны туралы мәліметтерді Комитеттің Ақпараттық сервисінің статистикалық есептер бөлімінен (qamqor.gov.kz) ала аласыз, онда «Тұлғаларды іздеу туралы» статистикалық есептің 1-І нысанды есебі орналастырылған.
  • Сұрақ №: 42060
    Дата: 16.04.2018 18:57:17
    Аты-жөні: Калуов Амандык
    Сұрақ:
    Нарушение водителями транспортных средств установленных правил обеспечения безопасности дорожного движения, повлекшее пр Орган, выявивший правонарушение: Управление дорожной полиции ДВД Актюбинской области Номер материала: 131570233006812 Номер протокола: D0615989 Сумма наложенного штрафа: 17310 Неоплаченный остаток по штрафу: 17310 Можете проверить насколько достоверная информация потому что у меня нет машины
    Жауап күні:
    20 сәуiр, 2018 - 12:59
    Жауап:
    Калуову А.М. ----------------------------- Уважаемый Амандык Мухаметсапаевич! Управлением рассмотрено Ваше обращение, поступившее на блог Генерального Прокурора РК, по вопросу оплаты административного штрафа. В ходе рассмотрения Вашего обращения установлено, согласно сведениям базы данных АИС "Специальные учеты" (далее-АИС СУ) в отношении Калуова А.М., 21.09.1977 г.р., имеются сведения о совершении 11.09.2013 года административного правонарушения по части 1 статьи 468 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года № 155 (утратил силу 05.07.2014 года), с наложением административного штрафа на сумму 17 310 тенге, соответственно, который согласно извещения об оплате административного штрафа, размещенного на информационном сервисе сайта Комитета, добровольно погашен 26.09.2013 года через банк второго уровня, где не предусмотрена интеграция с базой данных АИС СУ в части приема оплаты административных штрафов. Вместе с тем, сообщаем Управлением согласно извещения об оплате административного штрафа сведения внесены и сняты с учета. В случае несогласия с данным ответом, Вы имеете право обжалования в вышестоящий орган либо в суд. Начальник старший советник юстиции С.А. Абденов исп. Саймагамбетов Ж.К. тел.96-90-70
  • Сұрақ №: 41970
    Дата: 13.04.2018 02:08:23
    Аты-жөні: Қожахметов Нұрбол
    Сұрақ:
    Саламатсызба менин сурағым 608 ст 1 ч əкімшілік құқық бұзушылық болды қазіргі уақытта военный частьқа контрактник болып кире аламынба?
    Жауап күні:
    13 сәуiр, 2018 - 18:10
    Жауап:
    Н.М.Қожахметовқа Құрметті Нұрбол Маратұлы! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Басқармасы (бұдан әрі– Басқарма) Сіздің, 13.04.2018 жылғы өтінішіңізге төмендегідей хабарлайды: 15.12.2017 жылы Семей қалалық әкімшілік сотымен Қожахметов Н.М., Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексіңін 608-бабының 1-ші тармағымен көзделеген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Әскери бөлімге жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, Сізге азаматтарды әскери қызметке шақыру саласы бойынша құзіретті органға жүгінуіңіз қажет. Егер, Басқарма берген жауабына келіспесеңіз сотқа шағымдануыңызға құқылысыз. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ҚСжАЕА Комитетінің ШҚО бойынша басқарма бастығының м.а аға әділет кеңесшісі Н. Сматова орын. Садыков А.А. тел.61-40-60
  • Сұрақ №: 41790
    Дата: 06.04.2018 09:37:54
    Аты-жөні: Шилманов Нурбол
    Сұрақ:
    ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығы А.О.Сапарғалиевке ОҚО, Арыс қаласы, Қожатоғай а/о, Сырдария (Задарья) елді мекені, М.Маметова көшесі, №2/2 үйдің тұрғыны Шилманов Нурбол Батырхановичтен ЖСН 870915300827, жеке куәлік №033662619 2012 жылғы 23 тамыз ҚР ІІД берген. Байланыс телефоны: 8 701-433-12-22 Менің өтініш беру себебім, 2015 жылдың 30 наурыз (нақты күні есімде жоқ) күл-қоқыс тастағаным үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған болатын. Сол хаттама бойынша Арыс аудандық сотында 2015 жылдың 10 сәуір күні сот болып, 19820 (он тоғыз мың сегіз жүз жиырма теңге) теңге айыппұл салды. 2015 жылдың 11 сәуір күні салынған айыппұлды төледім. Төленген айыппұл түбіртек (квитанция) көшірмесін Арыс аудандық сотына апарып бердім Алайда бүгінгі күнге дейін сіздердің базаларыңыздан өшпей, қайда барсамда кедергісін келтіріп жатыр. Қолымда түбіртектің (квитанция) түпнұсқасы бар. Сізден өтінерім базадан алып тастауыңызды сұранамын. Алдын ала РАХМЕТ! Өтініш иесі Шилманов Н.Б
    Жауап күні:
    10 сәуiр, 2018 - 18:21
    Жауап:
    Құрметті Нұрбол Батырханұлы! Сіздің 2018 жылғы 6 сәуірдегі өтінішіңіз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасымен (әрі қарай- Басқарма) қаралды. Арыс аудандық сотымен 10.04.2015 жылғы Сізге қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 434 бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзғаныңыз үшін 19820 теңге айыппұл салынған. Өтініште тіркелген түбіртекке сәйкес төленген айыппұл сомасы орталықтандырылған дерекқорға енгізіліп, Басқармамен есептен шығарылғанын хабарлаймыз. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Басқарма бастығы А.О. Сапарғалиев
  • Сұрақ №: 41717
    Дата: 04.04.2018 17:18:17
    Аты-жөні: Тілеухан Жансерік
    Сұрақ:
    Құрметті Бағдат Батырбекұлы! Құқық бұзушылыққа қатысты статистикалық мәліметтерге байланысты сізге қояр бірнеше сауалым бар еді: 1.1991 жылдан бергі 2018 жылдың ақпан айына дейінгі тіркелген қылмыс санын және статистикалық мәліметтерді көрсетсеңіз? 2.(1991-2018 ақпан) осы жылдар арасындағы тіркелген қылмыстардың ішінен мына категориялар бойынша тіркелген қылмыс санын көрсетсеңіз: Кәмелетке толмаған қылмыс саны қанша? Қасақана кісі өлтіру және оған әрекет жасауға қатысты қылмыс саны қанша? Зорлау және оған әрекет жауауға қатысты қылмыс саны қанша? Бұзақылық әрекеттерге қатысты қылмыс саны қанша? Қарақшылық әрекеттерге (разбой) қатысты қылмыс саны қанша? Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлауға қатысты қылмыс саны қанша? Азаматтардың жеке мүлкін ұрлауға қатысты қылмыс саны қанша? Сұрап отырған сауалыма тек жауап қана емес, егер мүмкін болған жағдайда оны растайтын құжаттарға сілтеме берсеңіз екен. Әріптестік байланыста болғаныңыз үшін рахмет!
    Жауап күні:
    11 сәуiр, 2018 - 10:05
    Жауап:
    Құрметті Жансерік Тілеуханұлы! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комиететімен (ары қарай- Комитет) Сіздің Бас прокуратураның блогына жазған статистикалық мәліметтерді ұсыну туралы арызыңыз қаралды. Барлық тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 5430850 (1991ж.-173858, 1992ж.-200873, 1993ж.-206006, 1994ж.-201796, 1995ж.-183913, 1996ж.-183977, 1997ж.-165401, 1998ж.-142100, 1999ж.-139431, 2000ж.-150790, 2001ж.-152168, 2002ж.-135151, 2003ж.-118485, 2004ж.-143550, 2005ж.-146347, 2006ж.-141271, 2007ж.-128064, 2008ж.-127478, 2009ж.-121667, 2010ж.-131896, 2011ж.-206801, 2012ж.-287681, 2013ж.-359844, 2014ж.-341291, 2015ж.-386718, 2016ж.-361689, 2017ж.-316418, 2018жылдың 3 айында -76186); - жасөспірімдермен жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 186804 (1991ж.-12747, 1992ж.-13326, 1993ж.-13115, 1994ж.-11447, 1995ж.-9968, 1996ж.-9027,1997ж.-7435, 1998г.-7197, 1999ж.-7159, 2000ж.-7359, 2001ж.-8184, 2002ж.-8237, 2003ж.-7001, 2004ж.-6529, 2005г.-6273, 2006ж.-5814, 2007ж.-5383, 2008ж.-5124, 2009ж.-4682, 2010ж.-4006, 2011ж.-4108, 2012г.-4670, 2013ж.-4284, 2014ж.-3561, 2015ж.-2944, 2016ж.-3343, 2017ж.-3148, .2018 жылдың 3 айында-733); - өлтіру бойынша тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 49219 (1991ж.-1732, 1992ж.-2081, 1993ж.-2586, 1994ж.-2549, 1995ж.-2447, 1996ж.-2625, 1997ж.-2581, 1998ж.-2466, 1999ж.-2320, 2000г.-2294, 2001ж.-2113, 2002ж.-1924, 2003ж.-1963, 2004г.-2059, 2005ж.-1804, 2006ж.-1729, 2007ж.-1656, 2008ж.-1642, 2009ж.-1604, 2010ж.-1387, 2011г.-1420, 2012ж.-1267, 2013ж.-1120, 2014ж.-904, 2015ж.-862, 2016ж.-861, 2017ж.-942, 2018 жылдың 3 айында -281); - зорлау бойынша тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 45880 (1991ж.-1654, 1992ж.-1676, 1993ж.-1956, 1994ж.-1862, 1995ж.-1726, 1996ж.-2025, 1997ж.-1687, 1998ж.-1190, 1999ж.-1066, 2000ж.-1299, 2001ж.-1516, 2002ж.-1298, 2003ж.-1341, 2004ж.-1468, 2005ж.-1583, 2006ж.-1584, 2007ж.-1518, 2008ж.-1298, 2009ж.-1378, 2010ж.-1387, 2011ж.-1762, 2012ж.-2304, 2013ж.-3150, 2014ж.-2527, 2015ж.-2339, 2016ж.-1634, 2017ж.-1317, 2018 жылдың 3 айында -335); - ұрлық бойынша тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны – 2561508 (1991ж.-24596, 1992ж.-30402, 1993ж.-103640, 1994ж.-100727, 1995ж.-82364, 1996ж.-71352, 1997ж.-56680, 1998г.-60624, 1999г.-49955, 2000ж.-54003, 2001ж.-59810, 2002ж.-48995, 2003ж.-42925, 2004ж.-62003, 2005г.-63141, 2006ж.-59322, 2007ж.-51482, 2008ж.-52696, 2009ж.-49004, 2010ж.-59988, 2011ж.-121617, 2012г.-178461, 2013ж.-210204, 2014ж.-207002, 2015ж.-208907, 2016ж.-215572, 2017ж.-193154, 2018 жылдың 3 айында -42882); - қарақшылық бойынша тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 55327 (1991ж.-1422, 1992ж.-2304, 1993ж.-2335, 1994ж.-2146, 1995ж.-2087, 1996ж.-2509, 1997ж.-2891, 1998ж.-2952, 1999ж.-2687, 2000ж.-2478, 2001ж.-2670, 2002ж.-2471, 2003ж.-2279, 2004ж.-3003, 2005ж.-3002, 2006ж.-2474, 2007ж.-1994, 2008ж.-1950, 2009ж.-1623, 2010ж.-1591, 2011ж.-1962, 2012ж.-1666, 2013ж.-1361, 2014ж.-957, 2015ж.-900, 2016ж.-748, 2017ж.-688, 2018 жылдың 3 айында-177); - бұзақылық бойыншатіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны - 294658 (1991ж.-8277, 1992ж.-10457, 1993ж.-13443, 1994ж.-7883, 1995ж.-7114, 1996ж.-6082, 1997ж.-5822, 1998ж.-6602, 1999ж.-7293, 2000ж.-7543, 2001ж.-8597, 2002ж.-9229, 2003ж.-7894, 2004ж.-10088, 2005г.-10611, 2006г.-9088, 2007ж.-7494, 2008ж.-6077, 2009ж.-6014, 2010ж.-6821, 2011ж.-10650, 2012ж.-17375, 2013ж.-29989, 2014ж.-25494, 2015ж.-22086, 2016ж.-13835, 2017ж.-10356, 2018 жылдың 3 айында -2444) хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарымен қалыптастырылатын статистикалық есептер және "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М нысаны статистикалық есебінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарының бөлінісінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді Комитеттің www.qamqor.gov.kz WEB-сайтында «Аналитика жәнеқұқықтық статистика» бөлімінің "Статистикалық есептер" ақпараттық жүйесінде ай сайын (тоқсансайын) Комитетпен орналастырылатынын хабарлаймыз. Есептерді іздеу үшін жыл, ай, аймақ, ведомство таңдап, мысалыға: (Жиынтық), соданкейін "Іздеу", кейін "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М нысаны тиісті статистикалық есепті таңдау қажет.

Беттер