Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 4114
    Дата: 01.10.2013 12:00:57
    Аты-жөні: * Сырым
    Сұрақ:
    Салеметсизбе Сауле Муханбедианкызы менин Сизден сурайын дегеним менде былтыр ягни 2012 жылы маусым айында Аудандык ишки истер болими КР кылмыстык кодексинин 145 бабы 1 тармагымен кылмыстык ис козгап, шагымданушынын кеширим беруине байланысты КР кылмыстык кодексинин 67 бабы 1 тармагымен кылмыстык ис токтатылды, Аудандык ишки истер болиминин шешимимен. Сот процеси болган жок. Сотка дейин кылмыстык ис токтатылды. Бирак мен былтыр 2012 жылы кыркуйек айында мемлекеттик мекемеге жумыска кирип жумыс истедим, мемлекеттик кызметкер болып жумыс аткардым. ДКНБ-дан желтоксан айында еш кедерги жок деген жауап келди.Мен анкета толытрганкезде толык болган окиганы корсетип жаздым жане Акмола обылысы бойынша УКПСиСК-танда 2013 жылы кантар айында таза келди еш кедерги жок деген. Осы биыл 2013 жылдын тамыз айынан бастап жумыстан боспын. Ауысу тартибимен еш кедергисиз ауысып жумыс истедим. Жакында кайтадан мемлекеттик мекемеге Акмола облысынын бир ауданына жумыска турайын деп жатырмын. Соган байланысты уакыттын тыгыз болуына сайкес тездетип жауап берсениз екен. Сот.87782616270, эл.адрес:syrym.1984.kz@mail.ru
    Жауап күні:
    2013-10-08
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың» 23 тармағы 1 бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес, бастапқы өтініштердің барлығы түскен сәттен үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тиісті төмен тұрған прокуратураларға немесе ведомстволарға қарау үшін жолданып, ол жайында өтініш берушіге жазбаша хабарланады. Осыған байланысты, мәтіні бойынша қарап және арыз иесіне жауап беру үшін (эл.мекенжай:syrym.1984.kz@mail.ru) өтініші жолданады. Екінші мекенжайға мәлімет үшін хабарланды.
  • Сұрақ №: 3584
    Дата: 26.08.2013 23:56:34
    Аты-жөні: Құрманғалиев Мұханбетжан
    Сұрақ:
    ҚР ӘҚБтК 459 бабына енгізілген толықтыру қашан күшіне енеді?, (01.01.2014 жылма?, әлде қол қойған уақттан 10 күн ішіндеме?)
    Жауап күні:
    2013-09-02
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сіздің ҚР ӘҚБтК-нің 459 бабына енгізілген толықтыру бойынша ақпарат беру жөніндегі сауалыңызды қарастырды. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 132-V Заңына сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 459-бабына енгізілген өзгеріс 2013 жылдың 11 шілдесінде «Егемен Қазақстан» Жалпыұлттық республикалық газетінде №168 (28107) және Қазақстанның жалпыұлттық күнделікті «Казахстанская правда» газетінде №230 (27504) ресми түрде жарияланған, яғни 2013 жылдың 22 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.
  • Сұрақ №: 3374
    Дата: 05.08.2013 13:33:00
    Аты-жөні: Жоламанова Жазира
    Сұрақ:
    Саламатсызба! Мен ағам жағдайы жөнінде сұрақ қойғым келіп отыр. Ағамның аты-жөні Шопанов Сакен Жоламанович 1971 ж.т. 1991 жылы сотталып 1993 жылы аяқталып келді, енді інім КНБ-ге оқуға барғысы келіп еді, ағасының ісі кедергі болып тұр, базадан алып тастау керек дейді. Енді ол үшін қандай жұмыстар жасау керек, қай жерге баруым керек жәнеде неше жылдан кейін базадан алынып тасталады екен? Рахмет!
    Жауап күні:
    2013-08-07
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет) Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлайды. Комитеттің арнайы есебі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және ұйымдастыру Ережесімен» (әрі қарай-Ереже) реттеледі. ҚР ҚК-нің 77 бабына сәйкес қазіргі күнде С.Ж. Шопановтың соттылығы жойылған. Алайда, жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес, Комитеттің арнайы есебінде мәліметтер соттылықтың жойылғанына қарамастан сақталады. Соттылықтың бар немесе жоқтығы туралы анықтама берілгенде Ережеге сәйкес, соттылықтың жойылғаны ескеріле отырып беріледі. Бірақ, тиісті тексеру шараларын жүргізуге өкілеттілік берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұраулары бойынша Комитеттің арнайы есебінің барлық мәліметтері беріледі. Жоғарыда көрсетілген Ереженің 67 тармағына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары берген ақпараттық-анықтамалық мәліметтерді сұрау салу иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдалануы қажет.
  • Сұрақ №: 3287
    Дата: 25.07.2013 15:34:05
    Аты-жөні: тулешов Айбек
    Сұрақ:
    Ақтөбе облысы ҚР БП ҚСжАЕА басқармасныңы бастығы аға әділет кеңесшісі Ә.Қ.Мырзалинге Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы жастар мөлтік ауданы 38 а үй 19 пәтер тұрғыны Төлешов Айбек Аймуратұылынан ӨТІНІШ Сізден, менім 2013 жылғы мамыр айының 18 жұлдызында ҚР Бас Прокурорына, ҚР ҚСжАЕАК-т төрағасына және Ақтөбе облысы ҚСжАЕАБ-ң бастығы блогына жазылған баянатыма орай. ҚР Бас Прокуратурасымен жүргізілген қызметтік тексерістің әр дерекке тоқтала ашып жазылған, тексеріс қорытындысының көшірмесін және маған қатысты 02.07.2013 жылы қаралған тәртіптік кеңес отырысы хаттамасының қорытындысын көшірмесін төменде көрсетілген электронды поштаға жолдауыңызды сұраймын. электронды пошта; aybek.tuleshov.77@mail.ru өтініш иесі: А.Төлешов 25.07.2013ж
    Жауап күні:
    2013-08-03
    Жауап:
    Сіздің 2013 жылдың шілде айының 25 жұлдызындағы өтінішіңізге орай. ҚР БП ҚСжАЕА Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен өтінішіңіз жан-жақты толық қаралып, Сізбен көрсетілген «aybek.tuleshov.77@mail.ru» электронды поштасына, басқармамен жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысының көшермесін (9 бетте) жолдаймыз.
  • Сұрақ №: 3062
    Дата: 15.07.2013 20:15:03
    Аты-жөні: Алиева Алма
    Сұрақ:
    Алматы облысы Кербулак ауданы Сарыозек кентинде биркатар тулгалар зансыз касипкерликпен айналысады. Онын касипкерликпен зансыз айналысканы былай турсын, сол жердин тургындарына аса улкен кауип тондируде, себебі, Сарыозек кентининің 20-дан астам отбасы туратын СОРЭС ауданынын 1 тургынында 40 тонналык газ машинасы бар. Зан нормаларына сайкес, мұндай алып тонналы газ машинасыныын халык коп туратын жерде ешбир руксатыз пайдаланылуы, занга да, когамга да аса кауипти. Сондай-ак, осы СОРЭС-те КЕGOK компаниясынын электр станциясы орналаскан. Осыдан 1 жыл бурин Сарыозек кентинде кунделикти турмыста пайдаланатын 1 газ баллонынын жарылуынан 1 уй толыктай кулап, жойылып кеткен болатын. Ал, мына 40 тонналык газ машинасынын зардаптарынын кудай бетин ары кылсын. Бул 40 тонналык газ машинасын СОРЭС-тен аулак шыгарып тастаулырынызды сураймыз! Егер биздин бул отинишимиз каралмаса, ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевка хабарлаймыз!
    Жауап күні:
    2013-07-18
    Жауап:
    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне келіп түскен Сіздің өтінішіңіз қаралды. Заңдылықты тексеру, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау құқықтық статистика органдарының құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз. Соған байланысты, Сіздің өтінішіңіз тексеру жүргізу және сәйкесінше қадағалауды жүзеге асыру үшін тиістілігі бойынша Алматы облысының Ішкі істер департаментіне және прокуратурасына жіберілді.

Беттер