Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 6087
    Дата: 21.01.2014 15:12:21
    Аты-жөні: Суйеубекова Айкерім
    Сұрақ:
    Мен мемлекеттік қызметке әкімшілікке жумысқа орналасуыма бурын әкемнің сотты болғаны кедергі тигізедіма,мемлекеттік міндетті тексеруге қандай тексерулер кіреді осы бойынша жауап беруіңізді сұраймын.Рахмет
    Жауап күні:
    2014-01-23
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай – Комитет) Сіздің өтінішіңіз қаралды. Сізді қызықтырған кез келген сұраққа жауап ұсыну Комитеттің құзыретіне жатпайды. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерге қатысты талаптар туралы сұрағыңыз бойынша түсініктеме алу үшін, Сізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке жүгінуіңіз қажет.
  • Сұрақ №: 5980
    Дата: 15.01.2014 22:56:04
    Аты-жөні: Мусаханов Мамырхан
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің төрайымы Сәлеметсізбе 2012 жылы қараша айында Атырау облысы ішкі істер Департаменті Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне жарияланған конкурс негізінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымына қызметке тұру үшін өзімнің құжаттарымды тапсырған болатынмын. Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы Департаменті арқылы арнайы тексеруге / требования / құжаттарым жолданған болатын. Құқықтық статистика арнайы есепке алу комитеті Атырау облысы бойынша басқармасының берген мәліметінде ҚР-сы ҚК-нің 308 бабы 2 бөлігімен, 341 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 12 тармағы, 67 бабымен жәбірленушімен татуласумен яғни ақталмаған негізібен қысқартылғандығы анықталып, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі құжаттарымды қабылдаудан бас тартқан болатын. Алайда маған қатысты ҚР-сы ҚК-нің 308, 341 баптарымен қылмыстық іс қозғалып, ҚР-сы ҚІЖК-нің 67 бабы, 37 бабы 1 бөлігі 12 тармағымен жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылғандығы яғни ақталмаған негізбен қысқартылғандығы туралы хабарсыз болатынмын. Өзімнің бұл іс бойынша жазығым болғандықтан ҚР-сы бас прокурорына арызданған болатынмын. ҚР-сы бас прокуроры А.Даулбаев арызымды жан-жақты тексеру үшін ОҚО прокурорына жолдаған. ОҚО прокуроры И.Иманов қылмыстық іске тексеру жүргізіп. ақталмаған негізбен қысқартылған қаулыны бұзып, қылмыстық істі жан-жақты обективті тергеу амалдарын жүргізіп, заңды шешім қабылдау үшін ОҚО Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасына жолдаған. ОҚО Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасы ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағы қылмыс құрамы болмауына байланысты яғни ақталған негізбен қысқартқан болатын. ОҚО Түркістан қалалық прокуроры ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағымен яғни ақталған негізбен қысқартылған қаулымен келіскендігі жөнінде 28.11.2013 жылы қаулы қабылдаған. Осылайша өзімнің әрекетімде қылмыс құрамы жоқ екендігін анықтап алдым. Осы мәселе бойынша Атырау облысы прокуроры Ғ.Тоғызбаевқа түсіндірме беру жөнінде арыз жазған болатынмын. Осы арызым негізінде облыс прокурорының орынбасары Б.Сауғабаев соттылығыңыз туралы толық мәлімет алу және есептен түсіру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне шағымдануыма болатынын көрсеткен. Сондықтан Сізден Жоғарғылардың негізінде ҚР-сы бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің тіркеу базасынан есептен алып тасталуына ықпал жасауды сұранамын. Себебі осы тіркелген мәлімет менің құқық қорғау органдарына қызметке орналасуыма кедергі болуда.
    Жауап күні:
    2014-01-23
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен (әрі қарай – Комитет) Сіздің өтінішіңіз қайталанып қаралды. Комитеттің арнайы есебін жүргізу ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және ұйымдастыру ережесімен» (әрі қарай-Ереже) реттеледі. Бірінші рет Сізге байланысты қозғалған №06512605100034 санды қылмыстық іс 15.03.2008 жылы ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігінің 12 тармағы және ҚК-тің 67 бабы бойынша, яғни екі жақтың татуласуына байланысты ақталмайтын негізде қысқартылған. Екінші рет Сізге қатысты №06512605100034 санды қылмыстық іс қайтадан қаралып, 31.10.2013 жылы ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігінің 2 тармағымен, яғни қылмыс құрамы болмағандықтан ақталатын негізде қысқартылған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы Департаментінің 23.01.2013 жылғы жіберген сұрауына ақталмайтын негіздегі бірінші мәлімет берілген. Себебі Сізге қатысты екінші шешім тек 31.10.2013 жылы шығарылған. Қазіргі уақытта Комитеттің арнайы есебіне екінші шешім бойынша өзгерту енгізілді. Тексеру шараларын жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрауларына Сізге қатысты мәлімет ақталған негізде қысқартылғандықтан енді берілмейді.
  • Сұрақ №: 5723
    Дата: 02.01.2014 12:32:50
    Аты-жөні: серик самат
    Сұрақ:
    менин акем 2006жылы исти болган бирак сотталмаган. 6айдан сот каулы шыгарган соттылыгы алынып тасталсын деп. енди сурак осы акемнин соттылыгы менин мемлекеттик кызметке туруыма кери асерин тигизема
    Жауап күні:
    2014-01-15
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай – Комитет) Сіздің өтінішіңіз қаралды. Сізді қызықтырған кез келген сұраққа жауап ұсыну Комитеттің құзыретіне жатпайды. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерге қатысты талаптар туралы сұрағыңыз бойынша түсініктеме алу үшін, Сізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке жүгінуіңіз қажет.
  • Сұрақ №: 5684
    Дата: 27.12.2013 23:32:12
    Аты-жөні: Мусаханов Мамырхан
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің төрайымы Сәлеметсізбе Сізге мына мәселе бойынша заңды түсіндірме алғым келеді; 2012 жылы қараша айында Атырау облысы ішкі істер Департаменті Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне жарияланған конкурс негізінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымына қызметке тұру үшін өзімнің құжаттарымды тапсырған болатынмын. Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы Департаменті арқылы арнайы тексеруге / требования / құжаттарым жолданған болатын. Құқықтық статистика арнайы есепке алу комитеті Атырау облысы бойынша басқармасының берген мәліметінде ҚР-сы ҚК-нің 308 бабы 2 бөлігімен, 341 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 12 тармағы, 67 бабымен жәбірленушімен татуласумен яғни ақталмаған негізібен қысқартылғандығы анықталып, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі құжаттарымды қабылдаудан бас тартқан болатын. Алайда маған қатысты ҚР-сы ҚК-нің 308, 341 баптарымен қылмыстық іс қозғалып, ҚР-сы ҚІЖК-нің 67 бабы, 37 бабы 1 бөлігі 12 тармағымен жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылғандығы яғни ақталмаған негізбен қысқартылғандығы туралы хабарсыз болатынмын. Өзімнің бұл іс бойынша кінәсіз болғандықтан ҚР-сы бас прокурорына арызданған болатынмын. ҚР-сы бас прокуроры арызымды жан-жақты тексеру үшін ОҚО прокурорына жолдаған. ОҚО прокуроры қылмыстық іске тексеру жүргізіп. ақталмаған негізбен қысқартылған қаулыны бұзып, қылмыстық істі жан-жақты обективті тергеу амалдарын жүргізіп, заңды шешім қабылдау үшін ОҚО Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасына жолдаған. ОҚО Түркістан ауданаралық қаржы полиция басқармасы ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағы қылмыс құрамы болмауына байланысты яғни ақталған негізбен қысқартылған болатын. ОҚО Түркістан қалалық прокуроры ҚР-сы ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлігі 2 тармағымен яғни ақталған негізбен қысқартылған қаулымен келіскендігі жөнінде 28.11.2013 жылы қаулы қабылдаған. Осылайша өзімнің әрекетімде қылмыс құрамы жоқ екендігін анықтап алдым. Осы мәселе бойынша Атырау облысы прокурорына жазған арыз жазған болатынмын. Осы арызым негізінде облыс прокурорының орынбасары Б.Сауғабаев соттылығыңыз туралы толық мәлімет алу және есептен түсіру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне шағымдануыма болатынын көрсеткен. Сондықтан Сізден Жоғарғылардың негізінде ҚР-сы бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің тіркеу базасынан есептен алып тасталуына ықпал жасауды сұранамын. Себебі осы тіркелген мәлімет менің құқық қорғау органдарына қызметке орналасуыма кедергі болуда.
    Жауап күні:
    2014-01-15
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен (әрі қарай – Комитет) Сіздің өтінішіңіз қаралды. Комитеттің арнайы есебін жүргізу ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және ұйымдастыру ережесімен» (әрі қарай-Ереже) реттеледі. Бірінші рет Сізге байланысты қозғалған №06512605100034 санды қылмыстық іс 15.03.2008 жылы ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігінің 12 тармағы және ҚК-тің 67 бабы бойынша, яғни екі жақтың татуласуына байланысты ақталмайтын негізде қысқартылған. Екінші рет Сізге қатысты №06512605100034 санды қылмыстық іс қайтадан қаралып, 31.10.2013 жылы ҚР ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігінің 2 тармағымен, яғни қылмыс құрамы болмағандықтан ақталатын негізде қысқартылған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы Департаментінің 23.01.2013 жылғы жіберген сұрауына ақталмайтын негіздегі бірінші мәлімет берілген. Себебі Сізге қатысты екінші шешім тек 31.10.2013 жылы шығарылған. Қазіргі уақытта Комитеттің арнайы есебіне екінші шешім бойынша өзгерту енгізілді. Тексеру шараларын жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрауларына Сізге қатысты мәлімет ақталған негізде қысқартылғандықтан енді берілмейді.
  • Сұрақ №: 5230
    Дата: 03.12.2013 13:41:58
    Аты-жөні: Нургазиева Сандугаш
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе? 06.11.2013 жылы мен Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөліміне КУЗ № 11951 жыртылмалы талон №13755003504069 өтініш қалдырған едім. Қызымның ұялы телефонынынң ұрланғаны туралы. Білгім келгені мынау: 1) өтінішім бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр және қанша уақытқа дейін жүргізіледі; 2) өтініш бойынша жұмыстар барысы туралы қай жаққа хабарласуыма болады. Рахмет. Жұмыстарыңыз сәтті болсын!
    Жауап күні:
    2013-12-09
    Жауап:
    ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұялы телефонды ұрлау дерегі жөніндегі Сіздің өтінішіңізді қарады. Сіздің өтінішіңіздің негізінде Алматы қаласы Бостандық ауданының аудандық полиция бөлімі 07.11.2013 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1-бөлігі бойынша №13755003102908 қылмыстық іс қозғағанын, ол қазір алдын ала тергеу сатысында екенін хабарлаймыз. Алдын ала тергеу нәтижелері және қабылданған іс жүргізу шешімдері туралы Сіздің Алматы қаласының прокуратурасына өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар, себебі қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудің заңдылығын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.

Беттер