Анықтамаларға апостиль қоюға сұрау салуды электрондық нысанда жолдауға болады

24 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2018 жылдың 12 желтоқсанынан бастап (тиісті нормативтік құқықтық акті қабылданғанға дейін) пилоттық режимде «электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен апостильмен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру үшін сұрау салуларды жолдау сервисін іске қосты, сондай-ақ, мемлекеттік баж салығын онлайн режимінде төлеу мүмкіндігі көзделді.

Жаңалықтың азаматтар үшін тағы бір қолайлы тұсы  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалын таңдау мүмкіндігі, онда олар жауапты қағаз түрінде алғысы келеді.

Бұдан бұрын осы қызмет көрсетулер бойынша сұрау салуды тек қағаз нұсқасында ғана жолдауға болатын еді.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу