Анықтаманы Telegram -бот арқылы алуға болады

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы «EgovKzBot» Telegram-боттың көмегімен алуға болады.

Ол үшін бар болғаны «Азаматтардың ұялы базасында» тіркелу қажет. Сондай-ақ өз контактілеріңізді eGov.kz.порталындағы Жеке кабинетке бекітуіңіз шарт.

Бұдан әрі Telegram мессенджерін көшіріп, іздеу жолына «EgovKzBot»-ты енгізіп, авторизациядан өте аласыз.  «Қызметтер» бағанында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» сервисін таңдау арқылы азаматқа растау кодымен SMS-хабарлама келеді, аталған код енгізілгеннен кейін, сұратылған ақпарат ұсынылатын болады.

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы азаматтар www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және қозғалмалы желінің абоненттік құрылғысы (mGov ұялы қосымшасы) арқылы ала алатынын еске саламыз.

 

ҚР БП ҚСжАЕК-нің баспасөз қызметі

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу