Аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

26 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ереженің  (бұдан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес, Павлодар қаласы, Мира көшесі, 22 - үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ ғимаратында 2019 жылғы 01 сәуірде сағат 15:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланды.

Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.

Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ кадр бөлімшесіне  8 (7182) 53-68-38 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу