Атырау облысы бойынша бос лауазымға конкурс жарияланады

06 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы (060011 Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48, анықтама телефоны 8(7122) 272040, факс 8(7122)272034) бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Бос лауазым:

- Құрманғазы ауданы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу жөніндегі  прокурор C-ОКGP-7 (1 бос орын) - санаты бойынша;

Негізгі функционалдық міндеттері:

мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, құқықтық статистика дерекқорлар бойынша мониторинг жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылығын қадағалау бағыты бойынша өзге де уәкілеттіліктерді іске асыру.

Еңбек ақысы 87 140 теңгеден бастап (еңбек сіңірген жылдары және сыныптық шеніне байланысты)

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар:

- нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi мен орны: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні, Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 48, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

- өтініш;

- сауалнама;

- толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (тұрғылықты тұратын мекен жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып);

- жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып қолмен және басылып жазылған толық өмірбаяны;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

 - әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

- 3х4 үлгідегі сурет (3 дана);

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

- соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме;

- құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама.

- қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің қорытындысы;

- қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудың, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеудің қорытындысы.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

 

ҚСжАЕЖК

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу