Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респу

21 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 1 сәуірде НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2325304) «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы №217-VI ҚРЗ   Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті