Бас прокуратура «Qamqor» ұялы қосымшасын жетілдірді

28 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен кәсіпкерлерге әзірленген «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген үлгісі іске қосылды.

Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.

Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп және оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.

Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы  тексеру қортындысымен таныса алады.

Ұялы қосымшаның алғашқы үлгісі тек негізгі екі қызметті атқарды. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетіне шағымдану мүмкіндігі.

Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілген және аталған кезеңнен бері қолданушы ретінде 27 мың кәсіпкер тіркелді.

Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі Комитеті

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу