Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі өзгерді

29 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер мен мұрағаттық анықтамаларды беру бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына өзгерістер енгізілді.

Енді мұрағаттық анықтамаларды алу үшін азаматтардың қызмет көрсетушіге – құқықтық статистика органына жүгінуі қажет емес, тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш берсе жеткілікті.

Бұл ретте, осы қызметті көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 күнге қысқарды.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді беру процесі жеңілдетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтерді қызмет көрсетуші және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы алудың баламасы жойылған.

Ол үшін азамат порталда ЖСН-нің көмегімен тіркеуден өтіп, сондай-ақ «қызметке онлайн тапсырыс беру» функциясын көрсету қажет.  Анықтаманы алу мерзімі 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу