«Халық заңгері» акциясы «Гинесстің рекордтар кітабы» өтініміне енгізілді

04 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Комитеттің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқарма қызметкерлері Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында ойдағыдай өткен  «Халық заңгері» Республикалық акцияға белсене қатысты. Акцияны ұйымдастырушылар Zakon.kz порталы, «Параграф» АЖ, еліміздің жетекші заңгерлері.

Тегін заңды көмек көрсету мақсатында облыстың мемлекеттік органдарының 34 өкілі, сонымен бірге прокурорлар, нотариустар, медиаторлар және сот орындаушылары өтініштерімен келген азаматтарды тыңдады, құқықтық сұрақтар бойынша 500 келушіге толық түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Басқарма осыған ұқсас іс-шараға бірінші рет қатысып отырған жоқ, қала тұрғындары әкімшілік айыппұлдарды төлеу мерзімі, мемлекеттік қызметке түскен кезде заңнамалық шектеулердің бар болуы, өздеріне қатысты айыппұлдарды тексеру және ақпараттық жүйелер бойынша шектеулер туралы сұрақтарын қояды.

Осы іс-шараның ерекшелігі біздің еліміздің 19 қаласында жүргізіледі. Бір уақытта мыңға жуық әр түрлі мамандар мен сарапшылар адамдарға Қазақстан бойынша  көмек көрсетеді. Осыған байланысты, «Халық заңгері» жалпыреспубликалық штабы осы жағдай бойынша аталған іс-шараны «Халыққа бір мезгілде ең үлкен тегін заң консультациясы» номинациясын Гинесстің рекордтар кітабына енгізуге өтінім берді.

Өтінім қабылданды және қарауға алынған.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz