Интернет-порталда ЖКА бойынша бұйрық жобасы орналастырылды

25 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 20 қарашадағы нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1996053&type=2)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылдың 16 қарашадағы № 131 ««Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Жоба 2019 жылғы 15 тамыздағы №1кс-19/01 Қазақстан Республикасы  заңдылық, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хаттамалық шешімі 4-тармағының 1.5-тармақшасын орындау мақсатында әзірленді.

Жобамен жаңа ЖКО-3 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынуларды есепке алу карточкасы» және ЖКО-4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің  200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынулар шешімдерін есепке алу карточкасы» карточкаларды енгізу қарастырылған.

Тиісті өзгертулер «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» статистикалық есеп нысанына енгізілді.

Жобаны жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу