Істерді жүргізудің электронды нысанын енгізу мәселелері талқыланды

05 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастамасымен «Қазақтелеком» АҚ филиалының, ІІД өкілдерінің, аудан әкімдерінің қатысуымен қылмыстық және әкімшілік істерді жүргізудің электронды нысанын енгізу мәселелері жөніндегі ведомствааралық кеңес өткізілді.

Байланыс арналарының шығыс жылдамдығын арттыру аспектілері, сондай-ақ, талшықты-оптикалық желісін орнату үшін жергілікті бюджеттен қаражатты бөлу мәселелері талқыланды.

Басқарманың қызметкерлері «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі», «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы», «Е-айғақтар» жобалары, сондай-ақ, көрсетілген жүйелердің артықшылықтары жайында айтып өтті.

Батыс Қазақстан облысында қылмыстық процесті цифрландыру жобасы толық көлемде жүзеге асырылуда. Бұл объектілердің жоғары деңгейде материалдық-техникалық жабдықталуына байланысты.

Қазіргі таңда электронды нысанда шамамен 1 мыңға жуық қылмыстық іс тергелуде, оның 363 (39%)  қылмыстық ісі сотқа жолданды.

Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі жобасының шеңберінде 2,5 мыңға жуық хаттама толтырылған.

Кеңестің қорытындысы бойынша қылмыстық және әкімшілік процестерді одан әрі автоматтандыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

 

ҚР БП ҚСжАЕАК Баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу