Іздестіру істері электрондық нысанға көшірілді

14 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен еліміздегі барлық құқық қорғау органдарында пилоттық режимде «Электронды іздестіру журналы» функционалы іске қосылды.

Журнал 2015 жылдан бастап қолданыстағы Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі жүйесінің базасында әзірленген және ол өзіне автоматтандырылған режимде тұлғаларды іздестіру бойынша тергеушілердің және төтенше уәкілдердің қызметтерінің барлық кезектерін кіргізеді.

А.ж. ақпанынан бастап қылмыстық ізге түсу органдарынан, соттан жасырынған тұлғаларға іздестіру істерін электронды тіркеу басталды, ал осы жылдың қыркүйегінен бастап хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларға электронды рәсімдеу бойынша тестілеу жұмысы басталды.

Хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларға электронды іздестіру істерін жүзеге асыру аясында а.ж. қарашасында оңтүстік аймақтарда (Шымкент қ., Жамбыл және Түркістан облыстарында) ішкі істер органдарының және прокуратураның, сонымен бірге Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері үшін таныстыру жүргізілді.

Электронды іздестіруді жүзеге асыру іздестіру істерін ашу, қайтадан тапсыру және қысқарту мерзімдерін елеулі қысқартатынын атап өтеміз. Электронды режимде жұмыс істеудің тиімділігі барлық құқық қорғау қызметтерімен бағаланды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу