Қарағанды облысында бос лауазымға конкурс жарияланады

28 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы (Қарағанды қаласы,  Жамбыл көшесі 97, тел. 8-7212-53-63-99, 8-701-227-91-45)  келесі бос лауазымға орналасу үшін конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының Саран қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықтардың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуроры.

Қызметтік міндеттер: құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықтарға прокурорлық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерден бөлек, қызметті орындау - прокуратура органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімнің болуы; құқық қорғау органдарында қызметтен өтуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы; нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімнің, іскерліктің және машықтың болуы.

Еңбек жалақысы 87 069 теңгеден бастап 117 862 теңге аралығын құрайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (мәтін бойынша әрі қарай - Ереже) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

3) Ережедегі 4-қосымшаға сәйкес кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефондары, оның ішінде байланыс телефондары көрсетіледі);  

4) Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және баспа түріндегі толық түрде толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

6) білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билеттің немесе шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;

9) 3х4 өлшемді фотосуреттер (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен-жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғандығын растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру барысында жарамды, межелік мәннен төмен емес қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тест бойынша межелік мәндер сұрақтардың жалпы санынан 70%-дан кем емес дұрыс жауаптарды құрайды.

Оған қоса, «Прокуратура туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдары, 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидасы) бойынша дұрыс жауаптар әрбір нормативтік-құқықтық актіден 70%-дан кем емес болуы қажет.

12) прокуратура органдарында қызметке жарамдылықты анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеуден өткендігі жөніндегі және міндетті арнайы тексеру қорытындысы;

13) соттылықтың болмауы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының анықтамасы;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар өздерінің білімдеріне, жұмыс машығына, кәсіби деңгейіне және  іскерлік беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін көтеру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмесі, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми басылымдар).

Тігін папкасына салынған құжаттар, ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетіле отырып, конкурс өткізу жөніндегі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі 97, №19 кабинет мекен-жайы бойынша ұсынылады.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу