«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы

08 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 5 қарашада нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=1996053) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Бас Прокурордың бұйрығы жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.

Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 бұйрығына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобадағы өзара іс – қимылдар тәртібі сипаттамасы:

  1. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мемлекеттік қызмет көрсету барысында;
  2. Мемлекеттік корпорациямен, және де мемлекеттік қызмет көрсету барысында ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі;Жобаны жария түрде талқылау 10 жұмыс күні бойы жүргізілді.

Жоба бойынша бір пікір келіп түсті, ол бойынша пысықталған жоба on-line режимде қосымша талқылаудан өтті.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу