«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін ж

05 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          2019 жылғы 5 сәуірде НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2328750) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы жобасы (бұдан      әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Бұйрық жобасымен салық тексерістерінің мәліметтері құқық қорғау органдарына жолдануға жатпайтын өлшемдермен толықтырылды, аумақтылығы (ведомстволық бағыныстылығы) бойынша  жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы деректерді енгізу реті қарастырылған,                «отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» түсінігі анықталды, СДТТБТ деректерін редакциялау реті нақтыланды.

         Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті