Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасы

22 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылы 8 қарашада нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=1996053) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.

Қызмет стандарты жобасы қызмет берушінің кеңсесіне жүгінбей мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы іске асырылады.

Ол үшін қызмет алушы порталда ЖСН арқылы тіркеліп, «онлайн қызметке тапсырыс беру» функциясын көрсетуі қажет.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, стандарт жобасын жария түрде талқылау, мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметтер реестріне қосқан күннен бастап 30 күнтізбелік күн жүргізіледі.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу