«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы туралы

17 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 17 ақпанда НҚА ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=3138198&type=2) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жарияланды.

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен сәйкес келтіру, қылмыстық жолмен табылған мүлікті сотқа дейінгі өткізу институтын қолдану мәліметтерімен толықтыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.