«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлық жобасына баспасөз релизі

15 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 15 сәуірде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3611064) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлық жобасы (бұдан әрі ­– Жарлық жобасы) орналастырылды.

Жарлық жобасы Бас прокуратураның Комитетіне Президент және оның Әкімшілігін, Тұңғыш Президент-Елбасына және оның Кеңсесін, Қауіпсіздік Кеңесін, Парламент және оның депутаттарын, Конституциялық Кеңесті, Премьер-Министр Кеңсесін қоспағанда, мемлекеттік органдарға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін талдау функцияларын жүктеуді көздейді.

Көрсетілген функция өтініштер мен арыздарды беруге негіз болатын себептер мен жағдайларды анықтауға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды уақтылы жоюға, жалпы мемлекеттік органдардың оларды қарау бойынша жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті