Әкімшілік айыппұлдың болуы туралы анықтаманы 15 минутта алуға болады

28 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Комитеттің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Аталған қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Осы қызмет 2018 жылдың 28 қыркүйегінен бастап нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейінгі пилоттық тәртіпте  «Электрондық үкімет» веб-порталында ұсынылатын болады.

Бұл үдерісті автоматтандыру азаматтарға анықтаманы онлайн режимде алуға мүмкіндігін береді.

Анықтаманы алу уақыты 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейн қысқартылады.

Ол үшін қызметті алушыға ЖСН арқылы порталда тіркеліп, «қызметке онлайн тапсырыс» функциясын көрсету керек.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу