Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді

01 шілде 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Астана күнін мерекелеуге арналған спорттық іс-шаралардың өткізілгендігі туралы хабарлайды.

 

Бүгін Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда Комитет қызметкерлерінің арасында шағын футбол және жеңіл атлетика бойынша жарыс өтті.

 

«Біз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде әрқашан және әрдайым салауатты өмір салтын ұстанамыз. Елбасы кейінгі Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, елімізде жаппай спорттың дамуын белсендіру қажет, себебі ұлттың денсаулығы халықтың физикалық белсенділігіне тікелей байланысты. Күнделікті спортпен айналысу денсаулыққа оң әсерін тигізеді. Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты қоғамды, әсіресе жастарды белсенді өмір салтына шақыру. Эстафетаға қатысушыларға көтеріңікі көңіл-күй мен сәттілік тілеймін. Жарысты ашық деп жариялаймын!» - деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Бағдат Мусин.

 

Жарысқа қатысты:

- Комитеттің №1 командасы;

- Комитеттің №2 командасы;

- Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы;

- Аймақтық көліктік басқарма;

- Әскери басқарма;

- Соттылықтың өтелуін есептеу орталығы.

Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 1045344298
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 929263782
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 631127932
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 1939942886
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 1777225356
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 149912836
Комитет Астана күніне арналған спорттық іс-шара өткізді - 88071226

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу