ҚСжАЕЖК бос лауазымға конкурс жарияланады

23 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті» (010000, Астана қ-сы, Мәскеу көшесі, 34, №304 кабинет, телефон: 8 (7172) 31-78-10, 87018889796, электрондық мекенжай: 7175190@kgp.kz) прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік қызметкерлер арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымын бос орнына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қаржы және бухгалтерлік есеп басқарма басшысы (С-3 санаты)».

   

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 140,87 тг.

208 293,69 тг.

 

   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Кәсіптік біліктілік: Қазақстан Республикасының Атазаңын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң, «Құқықтық актілер туралы» Заң, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң, осы санат бойынша аталған лауазымның мамандандыруға сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Осы лауазым бойынша фунцианалдық міндеттемелерді орындауға қажетті басқада міндетті  білімдер.

Қызметтік міндеттер: басқармаға жалпы басшылық етеді,экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есепке алу мен есептілік мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі-Комитет) орталық аппаратындағы әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басқарма жұмысын ұйымдастыруда дербес жауапты болады, осы мәселе бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады; Комитет басшылығымен,Бас прокуратураның және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері бастықтарымен, басқа да мемлекеттік органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен байланысты қамтамасыз етеді; жоспарлы іс шаралардың,алқа шешімдерінің,Бас прокуратура және Комитеттің аппараттық және жедел кеңесулерінің орындалуына жеке бақылауды ұйымдастырады, Бас прокуратура және Комитет басшылығының тапсырмаларының, сонымен қатар басқарма қызметкерлерінің Комитет жұмысының Регламент талаптарының белгілеген уақытта сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтаудың бақылауын іске асырады; Төраға және оның орынбасарлары жүргізетін кеңестерге қатысады; топ пен басқарманың бас сарапшы-жетекшілер ваканттық лауазымдарының ауысуы бойынша ұсыныстар енгізеді, топ қызметкерлерінің ваканттық лауазымдарды ауыстыру мәселелері бойынша басқарма тобының бас сарапшы-жетекшілер ұсыныстарын карастырады, мадақтау немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту, басқарма қызметкерлерінің аттестациясы үшін материалдар ұсынады; Комитет орталық аппаратының және аумақтық басқармасының бюджеттік қаражатының бүтін, уақтылы және толық игерілуін қамтамасыз етуге дербес жауапты; Комитет аумақтық органдарының жұмысында және тәртіптік және бұзушылық жасаған лауазымды тұлғалардың өзге жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша анықталған деректерді жою бойынша ұсыныстарды Комитет басшылығына қарауға енгізеді; қаржыландыру, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есепке алу мен есептілік, әкімшілік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешуге бағытталған өзге іс шаралардың орындалуын бақылайды және іске асырады; Комитет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың, соның ішінде «ҚБПү» белгісі бар құжаттардың сақталуы мен жүруін, олардың номенклатуралық іске уақтылы қалыптастырылып және мұрағатқа тапсырылуын бақылайды; басқармаға жүктелген тапсырмалардың орындалуына және қызметінің іске асуына дербес жауапты; өзі орындаушы болып табылатын құжаттардың сақталуына дербес жауапты;

С-3* мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының 14 тармағына сәйкес):

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлермен жұмыс жасау бөліміне (кадр қызметі) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес ішкі конкурс өткізіледі.

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені__________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу