Құқықтық статистика органдары кәмелетке толмағандар құқықтарының бұзылғандығын анықтады

23 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесіне мониторинг жүргізу барысында Комитеттің Астана қ. бойынша Басқармасы елордалық Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен Көші-қон қызметі басқармасының қызметінде бұзушылықтар анықталды.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген сот үш кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарған кезде ӘҚБтК-тың 66-бабының талаптарын ескермеген, оған сәйкес осы санаттағы тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұл мөлшері 10 АЕК-тен аспауы тиіс.

Астана қаласы прокуратурасының аппелициялық өтінішхаты негізінде жоғарыда көрсетілген қаулылар заң нормаларына сәйкес келтірілді.

Басқа жағдайда, Көші-қон қызметі басқармасының жеке қызметкерлері айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану кезінде азаматтарға олардың баптың санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде ақы төлеу құқығы туралы түсіндірмеген. 

Қазіргі уақытта прокуратура органдары аталған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шараларын қабылдауда.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу