Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды

17 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті коронавирустың таралу қаупін төмендету мақсатында 2020 жылдың 17 наурызынан бастап азаматтарды жеке қабылдауын, сонымен қатар мекеме жұмыскерлерінің шағымдар мен арыздарды қолма-қол қабылдауын уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Өтініштерді «е-gov» электрондық үкімет порталы, «Қазпошта» АҚ қызметі, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ғимараттарында орналасқан өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктер арқылы жолдауды сұраймыз.

Өтініштердің бірегей нөмірі туралы мәліметтерді Комитеттің кеңсесінен 31-73-27, 31-67-59 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады.