Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарындағы тағайындаулар туралы

23 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Төрағасының бұйрығымен бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Құсайынов Мұрат Көбегенұлы

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасының бастығы лауазымына аға әділет кеңесшісі Мұрат Құсайынов тағайындалды. М.К. Құсайынов 1978 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 2000 жылы Астана қаласының Сарыарақа ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр  түрлі кезеңдерде Астана қаласы прокурорының көмекшісі, Бас Покурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған, Ақмола облысының Ерейментау ауданының прокуроры,  Құқықтық статистика жөніндегі комитеті басқармасының бастығы болды.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 19 жылдан астам.

***

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына аға әділет кеңесшісі Даурен Ержанов тағайындалды.

Д.Т.Ержанов 1975 жылы дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгерлік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 1997 жылы Ақмола прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастаған. Кейін Бас көлік прокурорының көмекшісі және Бас Прокурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған.

Басшылық тәжірибесі мол, Авиациялық-көлік прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Шортанды, Зеренді, Атбасар аудандарының прокуроры, Құқықтық статистика жөніндегі комитетінің бөлім бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

Прокуртура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 21 жылдан астам.

***

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына аға әділет кеңесшісі Тимур Нұрұнбетов тағайындалды.

Т.Т. Нұрұнбетов 1972 жылы дүниеге келген. "Мирас" университетін "заңгерлік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 1997 жылы Оңтүстк Қазақстан облысы прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының аға прокуроры лауазымынан бастаған.

Әр түрлі кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры лауазымдарын атқарды, Түлкібас және Сайрам аудандары прокурорларының орынбасары, Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы және бастығының орынбасары болды.

2012 жылдың қарашасынан бастап Комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі - 21 жылдан астам.

***

Комитеттң Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына әділет кеңесшісі Сәкен Жорабеков тағайындалды.

С.С. Жорабеков 1981 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 2002 жылы Орал қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.Кейін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры лауазымдарын атқарған.

Ақтөбе көлік прокурорының орынбасары, Қостанай және Жамбыл облыстары прокуратураларының бастығы, Қостанай облысының Алтынсарин ауданының прокуроры, Тараз қаласы прокурорының орынбасары болды.

2017 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысы прокуратурасының Аппарат басшысы.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі - 15 жылдан астам.

***

Комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына аға әдіет кеңесшісі  Өркен Сеитов тағайындалды.

Ө.К.Сеитов 1974 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 1999 жылы Ақмола табиғатты қорғау прокуратурасының аға көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр түрлі кезеңдерде Ақмола облысы прокураурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды, Құқықтық статистика жөніндегі комитетінің ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бойынша бөлімінің аға прокуроры болды.

2017 жылдың мамырынан бастап Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасын басқарды.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам.

***

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына әділет кеңесшісі  Нұрлан Нұрсейiтов тағайындалды.

Н.Б.Нурсеитов 1980 жылы дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 2000 жылы Қостанай облысы прокуратурасының маманы лауазымынан бастаған.

Әр түрлі кезеңдерде Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Қостанай облысының прокуратурасы және Бас прокуратураның прокуроры, аға прокуроры, Құқықтық статистика жөнінегі комитетінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың тамызынан бастап  Комитеттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының бастығы.

Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.

ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу