«Қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы өзге ақпараттарды, хабарламаларды, арыз-шағымдарды қарау туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы

14 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 11 қаңтарында нормативтік құқықтық актілердің ашық (legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1996053&type=2) мәліметтер интернет-порталында  «Қылмыстық  құқық бұзушылықтары туралы өзге ақпараттарды, хабарламаларды, арыз-шағымдарды қарау туралы»  Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы орналастырылды (бұдан әрі-жоба).

Жоба «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, құқықтық статистиканы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жобада қылмыстық іздестіру органдарына түсіп, ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген қылмыстық құқық бұзу туралы өтініштерді,  хабарламалар мен басқа да ақпараттарды және оларды қарау нәтижелері,  мерзімі мен олар бойынша қабылданған шешімдердің негізділігі жайындағы статистикалық  ақпараттарды есептеу,  жинау және жүйелеу қарастырылған.

10 жұмыс күн ішінде көпшілік талқылау жүргізіледі.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу