«Қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек стол өткізу туралы

05 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек стол өткізу туралы - 777906126

2020 жылдың 4 наурызында Комитет «Қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек стол өткізді.

Бұл іс-шарада Бас прокуратураның Қызметтері және Департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Экономикалық тергеу қызметінің, Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментінің өкілдері белсенді қатысты.

Бейнеконференция байланысы бойынша отырысқа облыстардағы және республикалық маңыздағы қалалардың құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қатысты.

Қағаз нысанында тергелетін қылмыстық істер бойынша жеке процестік шешімдерді электрондық енгізу, қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді цифровизациялау, қылмыстық істерді тергеудің және сотта қарау нәтижелерінің статистикалық есебі бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құру сияқты құқықтық статистиканы әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстары талқыланды.

Бұл ұсыныстар қылмыстық істерді тергеу барысында ведомствалық бақылауды күшейтуге, процестік шешімдер шығаруда тергеушілердің уақытын қысқартуға, құжаттарды дайындау кезінде техникалық қателерді болдырмауға, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Сонымен бірге Комитетпен «Электрондық іздестіру ісі» пилоттық жобасын жүзеге асыруға демонстрация жүргізілді.

Дөңгелек стол отырысының қорытындысы бойынша ведомстваралық өзара байланыстың тиімділігіне және әрі қарай қылмыстық-құқықтық салада статистиканы жетілдіруге ықпал ететін осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу шешілді.

 

 

 

 

 

«Қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдіру» тақырыбына дөңгелек стол өткізу туралы - 1464359167