Қылмыстық өндірісті электрондық форматта жүргізудің артықшылықтары

29 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысымен бекітілген Қазақстан Республикасының даму жоспарында қылмыстық сот өндірісін электрондық форматқа 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшу көзделген.

Тапсырманы орындау үшін «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінің негізінде 2017 жылы Бас прокуратура «Төрелік» ақпараттық сот жүйесімен үйлестірілген «Электрондық қылмыстық іс» модулін әзірледі. Бұл қылмыстық сот өндірісінің құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімін шығарғанға дейінгі барлық кезеңдерін цифрландыруға мүмкіндік берді.

Жүйеде барлық процесуалдық шешімдерді электрондық форматта рәсімдеу, қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеу және басқа процесуалдық әрекеттердің хаттамаларын толтыру үшін қажетті функционалдар іске асырылды.

Қылмыстық сот өндірісі саласына электрондық форматты енгізу қылмыстық сот өндірісі қатысушыларының қарым-қатынастарының айқындылығын қамтамасыз етуге, материалдарды бұрмалау тәуекелін төмендетуге, тергеп-тексерудің мерзімін және бюджеттік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Мысалға, «Бұқаралық сектор» ғаламтор-порталы арқылы қылмыстық процесс қатысушылары қашықтықтан өтініштерді, шағымдарды және өтінішхаттарды бере алады, қылмыстық іс материалдарымен таныса алады.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап полиция органдары және экономикалық тергеу қызметтері теріс қылықтар және ауырлығы онша ауыр емес қылмыстар бойынша электрондық форматта істерді жүргізуге кірісті. Келесі жылдан бастап ауырлығы орташа, ал 2020 жылдан бастап ауыр және аса ауыр қылмыстарды электрондық форматта тергеу жоспарланған.

А.ж. 27 қарашасындағы жағдай бойынша электрондық форматта 16 024 қылмыстық құқық бұзушылық тергелуде, бұл тергеліп жатқандардың жалпы санының 4,4% құрайды. Олардың ішінде 4 833 іс сотқа жолданылды.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу