Қылмыстылық туралы мәліметтерді қалыптастыру және құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы

13 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті пайдаланушылар, елдегі қылмыстылықтың жай-күйі туралы объективті статистиканы қалыптастыру және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бағалау мәселелерін талқылауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті еліміздің азаматтарынан, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы ұйымдардан ұсыныстар жинауда.

Барлық келіп түскен ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланатын болады.

Ұсыныстар енгізу кезінде ашылатын сұрақтар:

1. Құқықтық статистиканың сапасы мен объективтілігін арттыру бойынша қандай шаралар қабылдау қажет?

2. Құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бағалауды жетілдіру бойынша қандай шаралар әзірлеу қажет?

а) Қылмыстылыққа қарсы күрестің сандық көрсеткіштерін ескеретін, қандай критерийлерді енгізу қажет?

б) Халықтың сенім деңгейін және азаматтардың өз қауіпсіздігін сезінуін сипаттайтын қылмыстылыққа қарсы күрес бойынша қандай сапалы көрсеткіштерді енгізу қажет.

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz