Қырғыз делегациясының сапары

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қырғыз делегациясының сапары - 2143594747

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жөніндегі Комитетіне Қырғыз Республикасының Бас Прокуратурасы делегациясы келіп кетті.

Кездесу Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы базасында ұйымдастырылды.

Сапардың басты  мақсаты  - сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін ( СДТТБТ) енгізудің қазақстандық тәжірибесін зерделеу.  

Шетелден келген әріптестерімізге Алматы қаласының прокуратурасы және Медеу ауданының ішкі істер басқармасы қызметін мысалға ала отырып аталған жүйемен жұмыс жасау дағдылары көрсетілді.

Қырғыз прокурорларының Комитеттің ақпараттық жүйелеріне деген қызығушылықтары Қазақстан тарапынан былтырғы жылдың сәуір айында жүргізілген оқу-таныстыру курстарынан кейін пайда болған еді.

Делегация өкілдері  жайлы кездесу үшін алғыстарын білдірді және бұл тәжірибені өз еліндегі  құқыққорғау қызметіне енгізу ниетін атап өтті.

 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу