Қызылорда облысында бос лауазымға конкурс жарияланады

25 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, 120001, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі, №104а үй, анықтама үшін телефон (7242) 264509, факс (7242) 275530, электрондық мекенжай 7247160@kgp.kz, бос лауазымға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

 

Бос орын:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:

- бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жіберетін хабарламаларды, бақылау және қадағалау органдарының бақылау объектілеріне (субъектілеріне) баруы арқылы жүргізілген бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын арнайы есепке алуды жүзеге асыру;

- тексерулерді тіркеу және есепке алу саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

- №1-П және 1-У нысанды статистикалық есебін қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 87 062 теңгеден 117 862 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- функционалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

- құқық қорғау органдарына қызмет атқару үшін қажетті болған денсаулығының жарамдылығы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі және орны: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі, №104а үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасында қабылданады, ұйымдастыру-кадр жұмысы тобы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (нысанға сәйкес);

2) сауалнама (нысанға сәйкес);

3) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нысанға сәйкес);

4) қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын  құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіліп, тігіліп тапсырылуы тиіс.   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу