НҚА жобасын қоғамдық талқылау

20 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы

 

2018 жылғы 10 желтоқсанда нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=1996053) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) орналастырылды.

Қызмет стандарты жобасы қызмет берушінің кеңсесіне жүгінбей мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы электронды форматта өтінім беріп, қағаз тасушыда алуды қарастырады.

Ол үшін қызмет алушы порталда ЖСН арқылы тіркеліп, «онлайн қызметке тапсырыс беру» функциясын көрсетуі қажет.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, стандарт жобасын жария түрде талқылау, мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметтер реестріне қосқан күннен бастап 30 күнтізбелік күн жүргізіледі.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу