Өтініштердің қарау сапасы ерекше бақылауда

22 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бастамасымен Маңғыстау облысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасын қарау сұрағы бойынша ведомствоаралық семинары өтті.

Аталған іс-шараға  Комитеттің аумақтық  басқармасы  мен мемлекеттік  органдарының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында, мемлекеттік қызметкерлердің өтініштерді қарау барысында жиі бой алдыратын кемшіліктер, оның туындайтын себептері, сондай-ақ  жұмысты бұдан әрі де жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Комитеттің басқарма өкілдері атап өткендей 2018 жылдың қорытындысы бойынша 141 өтініштің мерзімі бұзылып қаралған. Ақтау қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімімен, бір арызданушының 19 өтініштеріне мүлдем жауап берілмеген, тек қадағалау органының араласуымен өз шешемін тапқан.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында енгізілген қадағалау актісі бойынша Бөлім бастығы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқықтық статистикалық мәліметтерді уақтылы ұсынбау және басқа да бұрмалаушылықтарға жол бергені үшін, өткен жылы  ҚР ӘҚБтК 498-бабының 1-тармағы бойынша 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты, осы бағытта өтініштерді қарау сапасы  және заңнаманы сақтауда   бақылауды күшейту қажет.

Семинар қатысушыларына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркелуін және толық өз уақытында қаралып, өтінішке заң талаптарына сай жауап берілуін, сондай-ақ құқықтық сатистикалық есептің қалыптастырылуы түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін нақты ұсыныстар жасалды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу