Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бос лауазымға конкурс жарияланады

23 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасы» ММ

Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 38-үй, тел. 8 (7152) 36-30-14, 46-31-35 ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің СҚО бойынша Басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОGP-7-санаты, 1-бірлік), ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті СҚО бойынша Басқармасының Есіл, Қызылжар аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер саласында заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры (С-ОGP-7-санаты, 1-бірлік) бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері:

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің СҚО бойынша Басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің прокуроры арнайы есепке алу саласындағы бекітілген сұрақтар бойынша бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асырады, арнайы есепке алу саласындағы ақпараттық есепке алу құжаттарының (әрі қарай – АЕҚ) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне уақытында беру және уақытында енгізудің бақылауын жүзеге асырады, есеп жүргізу рапортын жүргізеді, бекітілген есеп бойынша салыстыру жүргізеді, мониторинг жасайды, тексеріс жүргізеді, қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйіттерді іздестіру, сонымен қатар денсаулығының жағдайына байланысты немесе жас шамасына қарай өзі туралы деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдар бойынша құжаттардың уақытында түсуінің бақылауын жүзеге асырады, іздеуді есепке алу паспортын жүргізеді, салыстыру, мониторинг жүргізеді, бекітілген есеп бойынша тексеріс жүргізуге қатысады, ай сайын «Прокуратура органдарынан, тергеуден, анықтаудан, соттан және жазасын өтеуден жасырынып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, мертігуден болмаса денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушының мертігуден болмаса денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкерлер, жеке басы анықталмаған сырқат тұлғалар немесе жасы келген адамдар және өзі туралы деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдар, балалар туралы» №1-Р нысанды статистикалық есепті қалыптастыруға қатысады.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті СҚО бойынша Басқармасының Есіл, Қызылжар аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер саласында заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзушылығын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бақылау және қадағалаудың кешенді  шараларын жүзеге асырады, есепке алу-тіркеу тәртібінің заңдылығын қадағалауды, жүзеге асырады,  аталған бағытта салыстыру, тексеру жүргізеді, Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреттілігі шеңберінде аумақтық прокурорлармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара қарым-қатынас жасайды, прокуратура органдарымен, қылмыстық қудалау органдарымен орындаушылық істері, аудан (қалалар) аймақтарындағы соттармен статистикалық есептер көрсеткіштерімен салыстырма жүргізеді; К-1, К-2, Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Л-1, Л-2, 1-Д, 3.1 нысанды ЭАЕҚ СДТБТ АДБ толық және уақытында енгізудің бақылауын жүзеге асырады, қажет болған жағдайда ЭАЕҚ әзірлейді, ЭАЕҚ АЖО және Web-СДТБТ қылмыстық іс жүргізу шешімдерінің уақытында, нақты және анық толтыру бойынша күн сайын мониторинг жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен ұсынған мәліметтердің толықтығына, уақытында беруіне бақылауды жүзеге асырады, заңды және жеке тұлғалардығ өтініштерін есепке алу бойынша АЕҚ ТӨБЕ АЖО деректер базасына енгізеді, қабылдауды, есепке алуды, әзірлеуді жүзеге асырады, тергеуден, анықтаудан, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарға және жеке басы анықталмаған мәйіттерге қатысты іздестіру есебінің журналын толтырады, «ААЖ Арнайы есепке алу» электрондық деректер базасын жүргізеді.

Еңбек ақысы 87 069 теңгеден басталады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі – жоғары заңгер, құқық қорғау органдарында қызмет жүргізуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдығы.

функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, бейіні мен дағдысының болуы.

Конкурсқа қатысуға мына құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 4 мамырындағы № 40 Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде қызметке орналасу үшін тәлімдемеден өту және байқау өткізу Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) бекітілген 2-қосымшасының нысаны бойынша өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлар есеп бойынша (тұрғылықты тұратын орынның адресі және телефондары, соның ішінде байланыс) толтырылған жеке парағы;

4) егжей-тегжейлі, өз қолымен жазбаша және компьютерде басылған түрде, жақын туыстарын көрсетумен, соның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсетумен, осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырған;

6) білімі туралы құжаттар көшірмесі, нотариалды куәландырған;

7) еңбек өтілін растайтын еңбек ктапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырған;

8) әскери билеті немесе шақыру учаскесіне үстемелігі туралы куәлігінің көшірмесі;

9) көлемі 3х4 (3 дана) фотосурет;

10) Қазақстан Республикасының 1998 жылының 2 шілдесіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тұрғылықты орны бойынша салық органдарына азамат және оның зайыбымен (жұбайы) тапсырылғанын растайтын құжаттар;

11) қолданыстағы заңнама нормаларын біліміне қажетті біліміне компьютерлік тестіден өту нәтижесі, конкурста қатысу үшін құжаттарды тапсырған сәттегі болған межелік мәнінен төмен болмауы керек;

Тест бойынша межелік мәні осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптар 70 % кем құрамауға тиісті.

12) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту нәтижелері, соның ішінде полиграфологиялық зерттеулер, әскери-дәрігерлік комиссияларда прокуратура органдарында қызметке жарамдылығын анықтау үшін және арнайы міндетті тексеріс үшін;

13) Құқықтық статистика және арнайы есептер органдарынан соттылығы жоқтығы туралы, қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтамалар;  

14) Соңғы жұмыс орнынан мінездеме (оқу орнынан).

Қажетті құжаттар, барлық құжаттардың тізілімін көрсетумен құжаттар тігілетін мұқабаға салынып, әкеп тапсыруға немесе пошта арқылы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 38 үй мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасына конкурс жүргізу туралы жарияланым басылған күннен 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттар тізілімінде аталған қосымшаларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 4 мамырындағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде қызметке оналасу үшін тәлімдемеден өту және байқау жүргізу» Ережесінен алуға болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу