Сұрау анықтамасын және оның көшірмелеріне апостиль қою электрондық нысанда жіберуге болады

03 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында шетелге шығу үшін қағаз нысанында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алуға өтінімді электронды түрде беру мүмкіндігі жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Анықтамаға апостиль жасау қажет болған жағдайда мемлекеттік баж салығын онлайн режимінде төлеу мүмкіндігі көзделген.
Жаңалықтың азаматтар үшін тағы бір қолайлы тұсы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы филиалын таңдау мүмкіндігі, онда олар жауапты қағаз түрінде алғысы келеді.
Бұдан бұрын осы қызмет көрсетуі бойынша сұрау салуды тек қағаз нұсқасында ғана жолдауға болатын еді.

ҚСжАЕК-нің баспасөз қызметі
press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу