Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін

25 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасымен апаттық картаны бақылау шеңберінде ағымдағы жылы қала көшелері бойындағы аса апаттық телімдер анықталды.

Осылайша, ең көп әкімшілік құқықбұзушылық (18) Бейбітшілік көшесі бойында тіркелген.

Аталған көше жеңіл және жүк автокөліктерінің қарқынды қозғалысымен айналып өтетін жолдардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек, бұл көшенің бойында коммерциялық, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер көп орналасқан.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Комитет басқармасының бастамасымен бұл жерде «Жаяу жүргінші жолы» және «Жол бер» жол белгілері орнатылды.

Прокурорлар осы шара азаматтардың жарақаттануы мен жол қозғалысына қатысушылардың құқық бұзушылықтарының төмендеуіне себептігін тигізетініне сенімді.

ҚР БП ҚСжАЕК баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу