«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінідегі Комитетінің Әскери басқармасы» ММ Төмендегі бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

         «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінідегі Комитетінің Әскери басқармасы» ММ,Нұр - Сұлтан қаласы,"Сарыарқа" ауданы, Ж.Омарова көшесі 60 мекен- жайы бойынша орналасқан, пошталық индексі:010000 телефон: 8(7172)32-42-98, 7170245@kgp.kz.

 Төмендегі бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялайды:

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Әскери басқармасы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры – 1 бірлік (категория С-OКGP-7).

Қызметтік міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есеп субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттардың тұтастығы, объективтілігі, сенімділігі мен жеткіліктілігін бақылау және қадағалау;        

Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды қалыптастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру; құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша заң бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін жасау; мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ақпараттарды жинауға, өңдеуге, жаңартуға және арнайы шоттарды жүргізу;

Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 87 069 теңгеден 117 862теңгеге дейін.

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар:

  1. нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
  2. денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
  3. нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  1. жұмыс өтілі талап етілмейді.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (мәтін бойынша әрі қарай - Ереже) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

3) Ережедегі 4-қосымшаға сәйкес кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефондары, оның ішінде байланыс телефондары көрсетіледі);  

4) Ереженің 5-қосымшасынасәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және баспа түріндегі толық түрде толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

6) білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билеттің немесе шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;

9) 3х4 өлшемді фотосуреттер (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен-жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғандығын растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру барысында жарамды, межелік мәннен төмен емес қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тест бойынша межелік мәндер сұрақтардың жалпы санынан 70%-дан кем емес дұрыс жауаптарды құрайды.

Оған қоса, «Прокуратура туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдары, 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидасы) бойынша дұрыс жауаптар әрбір нормативтік-құқықтық актіден 70%-дан кем емес болуы қажет.

12) прокуратура органдарында қызметке жарамдылықты анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеуден өткендігі жөніндегі жәнеміндетті арнайы тексеру қорытындысы;

13) соттылықтың болмауы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарыныңанықтамасы;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар өздерінің білімдеріне, жұмыс машығына, кәсіби деңгейіне және  іскерлік беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін көтеру, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмесі, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми басылымдар).

Тігін папкасына салынған құжаттар, ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетіле отырып, конкурс өткізу жөніндегі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы Нұр - Сұлтан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Ж.Омарова көшесі 60, №209 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады.