Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында бос лауазымға конкурс жарияланады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Комитеттің аумақтық органы бойынша бөлім прокурорының бос лауазымына орналасу үшін конкурстың қатысушыларына ортақ біліктілік талаптары бар жалпы жарыстың жариялануы

 

C-OKGP-7 санаты үшін: жоғары білім.

Келесі құзіреттердің болуы: тұжырымдамалық ойлау, икемділік, бастамашылық, коммуникативтілік, аналитикалық, ұйымдастырушылық, көшбасшылық, этикалық, нәтижеге бағдарланған, командамен жұмыс жасай білу, тұлғааралық түсіністік, кәсіптік білім, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Комитеттің аумақтық органы бөлім прокурорының лауазымдық жалақысы:

Санат

 

Лауазымдық жалақы жұмыс жасаған жылдарына байланысты

С-ОКGP-7

min

87 069 теңге

max

117 862 теңге

 

  «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 030006, Ақтөбе   қаласы, Алматы ауданы, Ы.Алтынсарин к-сі, 45, анықтама телефоны: 8 (7132) 21-30-25 (факс), 21-78-91, e-mail: 7137172@kgp.kz,  бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

-қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (1 тұлға С-ОКGP-7 санаты).

Қызметтік міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есеп субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттардың тұтастығы, объективтілігі, сенімділігі мен жеткіліктілігін бақылау және қадағалау; құқықтық статистика және арнайы есепке алуды қалыптастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру; құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша заң бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін жасау; мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ақпараттарды жинауға, өңдеуге, жаңартуға және арнайы шоттарды жүргізу; Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

     Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 10-бабының талаптарына қайшы келмейтін, құқық қорғау органдарына кіру шарттарына сәйкес келетін он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.

Білімі - нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес келетін жоғары құқықтық. Құқық қорғау органдарында қызмет көрсетудің денсаулық себептері бойынша жарамдылығы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «» 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 қазанда №8780 тіркелген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, Комитеттің облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокурор лауазымына келесі талаптар белгіленді: жоғары білім, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, еңбек тәжірибесі қажет емес, денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы, нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 9561 (әрі қарай- Қағидалар) тіркелген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларыныңталаптарына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар ведомствоның персоналды басқару бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:

-Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

-Қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

-Қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

-жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерін және зайыбын көрсете отырып, осы Қағидаларының 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен және басылып жазылған толық өмірбаяны;

-Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

-бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

-еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

-әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

-3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

 

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

-конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

-прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

-құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

-соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейі және іскерлік беделіне байланысты қосымша білімді (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғалымдардың (академиялық) дәрежесі мен атауын, сипаттамаларын, ұсынымдарын, ғылыми басылымдарын ұсынуларына құқылы.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: конкурс жарияланған соңғы күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Құжаттар қабылданған орын: Ақтөбе қ., Алтынсарин к-сі, 45 мекен-жайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ-сі.

Конкурсқа қатысу үшін кеткен шығындар  (тестілеу орнына дейінгі жолақы, сұхбаттасу, тағылымдама, тұрғын үй, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану және басқа да шығындар) азаматтардың өз қаражаты есебінен төленеді.

Байқау үшін ведомствоның конкурстық комиссиясы құрылады. Конкурстық комиссияға қатысуға ниет білдірген азаматтармен (бұдан әрі- үміткерлер) әңгімелесу, тағылымдаманың нәтижелерін қоса алғанда, сондай-ақ жарияланған бос лауазымға үміткерлерді бос лауазымға орналасу үшін резервке орналасу және ауыстыратын, аталған Қағидаларының 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарастыратын, алқалы орган болып табылады.

Конкурстық  комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарына алдын-ала сараптау жүргізеді. Алдын ала қараудың нәтижелері бойынша конкурстық комиссия үміткер жарияланған лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес келетінін немесе конкурсқа қатысуға негізсіз бас тартуды шешеді.

Конкурстық комиссия кандидаттардың жеке, моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалап, біліктілік талаптарына және функционалдық міндеттерден босаған бос лауазымға қою үшін біліктілік талаптарына негізделеді.

Жарияланған лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес конкурстық комиссия әңгімелесуге кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ы. Алтынсарин көшесі, 45 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына хабарлама бергеннен бес жұмыс күні өткеннен кейін жіберіледі.

Кандидаттар туралы хабарлама телефон арқылы, электрондық пошта мекенжайына және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберумен жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешiмiне уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шағым бере алады.

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы

бойынша басқармасы