Комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасы бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің

Түркістан облысы бойынша басқармасы

 

161225, Түркістан қаласы, Рүстемов көшесі, 39, анықтама телефоны: 8(72533) 63787, факс: 8(72533) 63787, 8-775-757-78-77, 7257461@kgp.kz

Бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры C-OKGP-7 (1бос орын) - санаты бойынша;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының Қазығұрт ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры C-OKGP-7 (1бос орын) - санаты бойынша.

Негізгі функционалдық міндеттері:

- құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау;

- Басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (1 бос орын).

Негізгі функционалдық міндеттері:

- құқықтық статистика және арнайы есепке алу, оның ішінде қылмыстық ақпаратты қалыптастыру саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау;

- Басқарманың Қазығұрт ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры (1 бос орын).

            Еңбек жалақысы 87 069 теңгеден 117 862 теңгеге дейін.

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар:

- нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

Конкурс өтетіндігі туралы аталған хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, мұқабаға салынған құжаттар, ұсынылған құжаттар тізімін көрсете отырып, қолма қол немесе пошта арқылы Түркістан қаласы, Т.Рүстемов көшесі, 39, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізуді бекіту туралы Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнама;

3) Ереженің 4 қосымшасына сәйкес кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны); 

4) Ереженің 5 қосымшасына  сәйкес жақын туыстарын бұрынғы жұбайларымен қоса көрсете отырып өз қолымен және бастырылған түрде толтырылған нысандағы өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматтығын куәландыратын жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8)  әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан үміткер және оның жұбайының табыстары және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру уақытындағы, қолданыстағы заңнамаларды білу бойынша компьютерлік тестілеудің шекті белгіден төмен емес нәтижесі;

Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендігі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскерлік қабілетіне байланысты (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсына алады.