«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының                                                                      
2015 жылғы  «___»  ____
№____ бұйрығына
1-қосымша

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.     Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен әзірленді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық  басқармаларымен (бұдан әрі –  қызмет беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан  әрі – портал) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:

1) ХҚКО құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінсе – 10 (он) минут ішінде;

қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

ХҚКО жүгінген кездегі құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді;

 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ                        уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы                 Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы  туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті адамның электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.   

Анықтаманы қағаз түрінде алуға жүгінген жағдайда  мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басылып шығарылады және қызмет берушінің уәкілетті адамының мөрмен, қолтаңбасымен бекітіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден сенбіні қосқан аралықта, ХҚКО орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі астың үзілісінсіз.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық» кезекті портал арқылы брондауға болады;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ХҚКО-на:

осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

он алты жасқа толмаған адамдар үшін баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

мемлекеттік қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде, нотариуспен расталған сенімхат;

2) порталға:

қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған электрондық сұрауы.

Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін  қызмет көрсетуші және  ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде  ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда,  қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса.

ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін  ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).

ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.

Портал арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, күні, уақыты көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жолданады.

10.Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша  қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (болмаса) оның лауазымды тұлғаларының, ХҚКО және (болмаса) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 13 - тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағымданады.

Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы болмаса қызмет берушінің кеңселеріне арқылы қолма-қол қабылданады.

 Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.

Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жібергенде қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылған өтініш жөніндегі ақпаратқа қол жетімділік бар, яғни қызмет беруші өтінішті өңдеу кезінде ол жаңаланып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

Электрондық түрде портал арқылы жүгінген жағдайда, қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа қолжетімділік бар (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау болмаса қараудан бас тарту туралы жауап).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар, оның ішінде , электрондық түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы

13. Орнатылған заңнама тәртібінде толық/жартылай қабілетін болмаса өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлау мүмкіндігін жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгіну көмегімен мекенжайына бару арқылы ХҚКО қызметкерлерімен жүргізіледі.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары ғаламтор-ресурстарда орналасқан:

1) қызмет беруші: www.prokuror.kz;

2) ХҚО: www.con.gov.kz;

15. Қызмет  алушының  ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің ғаламтор-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша
адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы
туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің _____________________
_________________________________________
(Комитеттің аумақтық басқармасының атауын көрсету керек)

 басқармасының бастығы

 __________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушынің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы)

Өтініш

Сізден Комитеттің есебі бойынша менімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаным туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын.

__________________________________________________________________
(анықтаманың түрін көрсету керек, қағаз жүзінде болмаса электрондық түрде)

 

Қолы

Күні

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша
адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы
туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
 2- қосымша

 

________________________________________
(тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда) болмаса қызмет алушы мекеменің атауы)

 __________________________________________
(қызмет алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)    _______________________________________;

2)    _______________________________________;

3)    _______________________________________ ...

 

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада құрастырылған.

 

ХҚО қызметкеріның

аты,тегі,әкесінің аты (болған жағдайда)                                 (қолы)

 

Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты  ______________

Тел. _______________________

Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты / көрсетілетін қызметті алушының қолы.

20__жылғы «___»______________

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу