«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының                                                                      
2015 жылғы  «___»  ____
№____ бұйрығына
2-қосымша

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»
 мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық  басқармалары (бұдан әрі қызмет беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) қызмет көрсетушіге немесе ХҚКО құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап -   күнтізбелік 30 (отыз) күн;

ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ                           уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме не мұрағаттық үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) қызмет берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) ХҚКОда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанға дейін, үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі, қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде іске асады.

9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгенде  қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа):

қызмет көрсетушіге:

1)  осы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)  жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3)  туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);

 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;

ХҚКО-на:

1)  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1 қосымшасына  сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)  жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3)  туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);

 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;

Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін  қызмет көрсетуші және  ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде  ақпараттық жүйедегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді пайдаланғанда,  қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса.

ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін  ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).

ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.

10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының  14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

Шағымдар еркін нысанда беріледі және жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.

Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.

Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымда:

1)    жеке тұлғаларға -  оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2)   заңды тұлғаларға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi.

Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО жеке келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдауға шығу сұрағы бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 1414 жүгінуіне болады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:

1) қызмет берушінікі: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.

2) ХҚО: www.con.gov.kz;

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің ғаламтор-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

              

 

 

«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаты шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1- қосымша

 

 Нысан

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Төрағасының орынбасарына
________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
____________________________
(ЖСН мен пошталық мекенжайы)

ӨТІНІШ

Сізден маған, мұрағаттық анықтама талап етілетін туысқандарыма қатысты Қазақстан Республикасының (Қазақ КСР) аумағында арнайы қоныста болған туралы мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме немесе мұрағаттық үзінді көшірме беруіңізді сұраймын: (қажетінің астын сызыңыз)

1.____________________,___________________________________,____________________  (туыстық дәрежесі)                                 (тегі, аты, әкесінің аты)                    (ұлты)

19_____жылы_______________________________________________________________туған

(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)

______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)

_______________________________________________________________________________

                 (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы керсетіңіз)

және 19__ жылы ________________________________________________________________

__________арнайы қонысына келді (ауылды, колхозды, совхозды, ауданды көрсетіңіз)

______________________________________________________________________________

(арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және

______________________________________________________________ қоныс аударылды

басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

2.__________________,______________________________________,____________________

    (туыстық дәрежесі)                    (тегі, аты, әкесінің аты)                                (ұлты)

19_____жылы_______________________________________________________________туған (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)

______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)

________________________________________________________________________________

                 (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)

және 19__ жылы ________________________________________________________________

____________________________________арнайы қонысына келді

________________________________________________________________________________

(арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және

______________________________________________________________ қоныс аударылды            

                                                       басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

3. __________________,______________________________________,____________________

    (туыстық дәрежесі)                         (тегі, аты, әкесінің аты)                                       (ұлты)

19_____жылы_______________________________________________________________туған

(қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)

______________________________________________________________________________ (туған жері, қоныс аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)

________________________________________________________________________________

                 (қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы көрсетіңіз)

және 19__ жылы ________________________________________________________________

____________________________________________________________арнайы қонысына келді

(арнайы қоныста болған қаланы, ауылды, ауданды, облысты, өлкені, республиканы және

________________________________________________________________ қоныс аударылды            

                                                    басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

 

Қосымша:___________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

(құжаттардың саны мен тізбесін көрсетіңіз)

 

Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты:

____________________________________________________  

(қысқартпай көрсетіңіз, анықтама телефоны)

Қолы________________

20____ жылғы «__»_______

 

Ескертпе:

тектері, аттары және әкесінің аттары, туған күндері мен жерлері баспа әріптерімен толтырылады, өтінішті толтыру кезінде бұрынғы және өзгертілген өмірбаян деректері міндетті түрде көрсетілуі тиіс

 

«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаты шегінде
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
 2 - қосымша

 

_________________________________    
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)  қызмет алушы мекеменің атауы)

_________________________________
(қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету үшін (мемлекеттік қызметтің атауы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

         жоқ құжаттардың атауы:

1)    _______________________________________;

2)    _______________________________________;

3)    _______________________________________ ...

 

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

 

ХҚО қызметкерінің

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                                              қолы

 

Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________

Тел. _______________________

Қабылдады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__жылғы  «___»______________

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу